Баспасөз хабаршысы

«Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы 2013 жылғы 2-6 қыркүйек аралығында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өткен Мұрағаттардың халықаралық кеңесінің Еуроазиялық өңірлік бөлімшесінің XIV Жалпы конференциясының (ЕВРАЗИКА) жұмысына және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Іс-шараларға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Украина мұрағатшыларының делегациясы және бақылаушы ретінде – Польша қатысты.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің отырысында барлық мемлекеттердің өкілдері өткен жылдағы мұрағат ісінің дамуы туралы баяндамалар жасады.

Конференция аясында «Мемлекеттік мұрағаттарды толықтырудың қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ЕВРАЗИКА-ның келесі 15-Жалпы конференциясы 2014 жылы Қазақстан Республикасында өтеді.