Баспасөз хабаршысы

2013 жылғы 1 қазанда  облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасында басқармада есепте тұрған қазіргі кезде жұмыс істемейтін мұрағат қызметінің ардагерлерімен салтанатты кездесу өтті.

Кездесуге Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, КСРО мұрағат ісінің озаты В.Д. Болтина,  КСРО мұрағат ісінің озаты Л.В. Шевелева және облысымыздағы мұрағат ісінің дамуына зор үлес қосқан басқа да ардагерлер қатысты.

Өзара түсіністік пен ерекше шырайлы жағдайда өткен кездесу барысында ардагерлер облыстың мұрағат мекемелеріндегі қызмет еткен жылдарын еске алды, ертеректе мұрағаттарда орын алған қызықты оқиғалар туралы баяндап, жас мұрағатшыларға ақ тілектерін білдірді.

Басқарма мен облыс мемлекеттік мұрағатының басшылары, кәсіподақ комитеті ардагерлерге мұрағат ісін дамыту жолындағы жасампаз еңбектері үшін алғыс айтты.

Ардагерлер үшін облыс мемлекеттік мұрағатының фойесінде «Қайталанбас жастықшақ» фотоқұжаттық көрмесі ұйымдастырылды.

Облыс қалалары мен аудандарының мұрағат мекемелерінің басшылары жергілікті мұрағат мекемелерінде осындай кездесулер өткізді.