Баспасөз хабаршысы (26.07.2013)

2013 жылғы 26 шілдеде Май ауданы әкімдігінің отырысында Май ауданының мемлекеттік мекемелеріндегі іс қағаздарын жүргізу жағдайы мен ведомстволық мұрағаттардың жұмысы туралы мәселе қарастырылды.

Әкімдік отырысында Май ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар мен мекемелердегі істердің жағдайы туралы облыс мемлекеттік мұрағаты Май бөлімінің бастығы баяндама жасады.

Аталған мәселені қарастыру нәтижесінде Май ауданының әкімдігінің 2013 жылғы  26 шілдедегі № 215/7 қаулысы қабылданды