2013 жылғы 20 қарашада Павлодар қаласының Достық Үйінде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары арасындағы өңіраралық ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарының 71-тармағын іске асыру шеңберінде Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармалары және Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшыларының қатысуымен мұрағат ісі мен құжат жасауды дамыту мәселелері бойынша кеңес өтеді.
Кеңес барысында «Люди! Постойте, почтите, не допустите, не повторите» тақырыбындағы Шығыс Қазақстан облысы мұрағатшыларының мұрағаттық-іздестіру жұмысы (Ресей Федерациясының Магадан облысы мұрағаттарында) ұсынылды және мұрағат ісі мен құжат жасау саласында тәжірибе алмасу жөніндегі келісімнің жобасы талқыланды. Келісім жоғарыда аталған облыстардың мұрағаттық қызметтері арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуын көздейді.
