Құметті әріптестер және сайт қонақтары!


1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні, мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолына алғаннан бері халық сенімінен шыға білді. Қазір Қазақстан төрткүл әлемге танымал. Еліміз жыл сайын биік асуларды бағындырып келеді. Ел қуаныштарында, ел жетістіктерінде Елбасының үлесі ерекше. Олай болса, Тұңғыш Президентімізді ардақтау, мақтаныш ету – халықтық, елдік құрмет.

Осы мерекемен құттықтай отыра, Сіздерге мықты денсаулық, Еліміздің гүлденіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс, зор жетістіктер, барлық бастамаларыңызға сәттілік,  отбасыларыңызға бақыт тілеймін!

 

Ізгі ниетпен

Павлодар облысы

 мұрағаттар және құжаттама

басқармасының басшысы                                              Х. Әкімханов