2013 жылғы 29 қарашада Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасында басқарма Алқасының отырысы өтіп, онда мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі мәселе; облыстық мемлекеттік мұрағаттар басшыларының 2013 жылғы бюджетті орындау бойынша есептері; 2013 жылы бақылауда болған құжаттардың орындалуы туралы ақпарат және 2014 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.