«Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері (1998-2013)» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2013 жылғы 19 желтоқсанда «Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ бас маманы Дәулетбаева Х.Д., «Павлодар облысының мемилекеттік мұрағаты» ММ директоры Мақажанова Қ.Ғ., «Екібастұз қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ директоры Темірханов Т.Т., «Ақсу қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ мұрағатшысы Жилетбетова Ү.Р. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 15 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері (1998-2013)» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Мақажанова Қ.Ғ. «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі және құжаттану саласындағы заңнамасын жетілдіру қажеттілігі туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Мұрағат ісі мен құжатайналым саласындағы заң жобаларын іске асыру және жетілдіру, ғылыми-әдістемелік тұрғысынан  мұрағаттарды қамтамасыз ету, Ұлттық мұрағат қорын сақтау және пайдалану, электрондық мұрағат құру мәселелері сөз болды.

Конференция шеңберінде әдістемелік жұмыстардың республикалық байқауының қорытындысы шығарылып,Н.В.Маркунене мен Т.Е. Покидаеваның «Ғылыми-кең таралған басылымдарда жариялауға іріктелген кеңестік дәуірдің және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі кезеңіндегі құжаттардың мәтіндерімен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар («Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ құжаттарының үлгісінде)» жұмысы және О.В.Бобрешованың «Германия азаматтарының Қазақстанда тұрған кездегі еңбек өтілін растау туралы сұрауларын орындау бойынша әдістемелік ұсынымда (Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының жұмыс тәжірибесі негізінде)» атты жұмысы жүлделі орынджарға ие болып, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.