Баспасөз хабаршысы

2014 жылдың 6 ақпанында Әскери Данқ музейінде интернационалист жауынгерлердің Ы.Алтынсарыин атындағы мектеп оқушыларымен. № 19 мектеп оқушыларымен, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылуына 25 жыл толуына арналды. Кездесуге қатысушылардың назарына Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты дайындаған «Дәуір бізді таңдады... Время выбрало нас...» фотоқұжаттық көрме ұсынылды.

Көрмеде Ауғаныстандағы кеңес әскерлерінің шектелген континентінің құрылымдарында әскери қызметін атқарған интернационалист жауынгерлердің істері, құжаттары мен естеліктер жиынтығының құжаттары көрсетілді. Олардың ішінде интернационалист жауынгер 1984 жылдың 18 сәуірінде Сансызбай Нургазиновке берілген Ауғаныстан Демократиялық Республикасының грамотасы, Ауғаныстан аймағында интернационалдық борышын өтеу барысындағы мүлтіксіз қызметі үшін Вячеслав Хильманды Құрмет грамотасымен марапаттау туралы әскери бөлімі командирінің бұйрығы, Серік Чайкинге интернационалдық борышын өтеу барысында көрсеткен ерлігі үшін, ССРО мен АДР жастары арасындағы достықты нығайтқаны үшін берілген Ауғаныстан Жастарының демократиялық ұйымының жоғары марапаттарының куәліктері, госпитальдің медбикесі Наталья Погореловаға әскери бөлімінің басшылығы берген алғыс хаты, Кеңес Одағының Батыры Николай Кремеништің фотосуреті, интернационалист жауынгерлер Арғынғали Бердиев, Павел Курицин, Александр Тимощук, Ауғаныстанда қаза болған Юрий Гоенконың фотосуреттері, «Побратим», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған мақалалар.

Көрменің мақсаты – инетрнационалист жауынгерлердің ерлігі негізінде жас өспірімдердің патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін, әскери борыштарын өтеуге тәрбиелеу.

Көрме 2014 жылдың 15 ақпанына дейін жұмыс істейді.