Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Даңқы өшпес ерлікке мәңгі құрмет. Дорогой славы и бессмертия» атты фотоқұжаттық көрме дайындады. Ол 2015 жылғы 14 қаңтар күні Павлодар қаласының Достық үйінде «Отан қорғау жолындағы батыр» («Герой на защите Отечества») атты салтанатты іс-шарада көрсетіледі.
Көрмеге Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының және Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының қорларынан алынған құжаттар мен фотосуреттер: Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шетелдердің мұрағаттарынан анықталған Ертістің Павлодар өңірі тарихы бойынша түпнұсқа құқығындағы құжаттар көшірмелерінің коллекциялары, Кеңес Одағының батырларының, Қазақстан Компартиясы Павлодар облыстық комитетінің істері мен құжаттарының коллекциялары қойылады. Сондай-ақ көрмені дайындау кезінде Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының газет қоры мен Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаев туралы кітап пайдаланылды.
Көрмеге 1941, 1942, 1944, 1945, 1946, 1949, 1954, 1955, 1957, 1958, 1960, 1962, 1963, 1965, 1966, 1967, 1969, 1971, 1974-1977, 1979-1982, 1984, 1991-1995, 1997, 2003, 2005, 2010 жылдардағы барлығы 90-ға жуық экспонат қойылады.
Экспонаттардың бірқатары «аса құнды» мәртебесіне ие және де көрмеге келушілердің қызушылығын тудырады. Атап айтар болсақ, олар: 1941 жылғы 23 қазанда берілген Семей педагогикалық институты тарих факультетінің студенті М. Қайырбаевтың сынақ кітапшасы, Семей педагогикалық институтының 1-ші курс студенті М. Қайырбаевтың 1942 жылғы 26 қаңтардағы экстернатқа қабыдлау туралы өтініші; Ұлы Отан соғысына қатысқандығы туралы құжаттар: 1944 жылғы 04 қарашадағы Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың марапаттау парағы, М. Қайырбаевтың майдандағы жолдастары – Шауляй қаласы түбіндегі ұрыстардың батырлары Г.Г. Мельниковпен, Н. Сазановпен, Долгановпен, Горшковпен 1945 жылғы мамыр айында түскен фотосуреті, 1946 жылғы 3 маусымда толтырылған Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың есептік карточкасы және басқалар. Сондай-ақ көрмеге батырдың соғыстан кейінгі жылдардағы еңбек жолынан сыр шертетін құжаттар: қызметтік куәліктер, мандаттар, КОКП ОК, Қазақстан Компартиясы ОК съездеріне қатысқан сәттерінен фотосуреттер және т.б. қойылады.
М. Қайырбаевты мәңгі есте сақтау туралы құжаттарға көрменің айрықша бөлімі берілген: Павлодар қаласындағы көшелердің біріне, Ақтоғай ауылындағы мектепке Батырдың есімін беру туралы құжаттар, М. Қайырбаевқа арнаған Мұзафар Әлімбаевтың «Тұғырлы тұлға» атты поэмасы, Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың атындағы жүлдеге өткізілген самбодан Халықаралық турнирлерге шақыру-бағдарламалары.