Даңқы өшпес ерлікке мәңгі құрмет. Дорогой славы и бессмертия

          Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Даңқы өшпес ерлікке мәңгі құрмет. Дорогой славы и бессмертия» атты фотоқұжаттық көрме дайындады. Ол 2015 жылғы 14 қаңтар күні Павлодар қаласының Достық үйінде «Отан қорғау жолындағы батыр» («Герой на защите Отечества») атты салтанатты іс-шарада көрсетілді.

        Көрмеге Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының және Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының қорларынан алынған құжаттар мен фотосуреттер: Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шетелдердің мұрағаттарынан анықталған Ертістің Павлодар өңірі тарихы бойынша түпнұсқа құқығындағы құжаттар көшірмелерінің коллекциялары, Кеңес Одағының батырларының, Қазақстан Компартиясы Павлодар облыстық комитетінің істері мен құжаттарының коллекциялары қойылды.

        1941 жылғы маусымда, Ұлы Отан соғысы басталған кезде, М. Қайырбаев бар-жоғы 16 жаста ғана болатын. Бозбалалармен бірге ол да әскери комиссариатқа барып, ерікті түрде өзін майданға жіберулерін сұрап өтініш жазады. Оның тым жас екеніне  қарай оның өтініші қабылданбайды. Осылайша, оның екінші өтініші де қабылданбайды. Тек үшінші рет жазған өтініші ғана қанағаттандырылып, бірден Подольск артиллериялық училищеге оқуға жолданады, ол жақтан Бұһара қаласына орналастырылады. Махмет училищені өте жақсыға бітіріп, 1943 жылғы сәуірде майданға жолданады. Лейтенант М. Қайырбаев өзінің алғашқы әскери нагардасы – Қызыл Жұлдыз орденін 1943 жылғы қазанда Витебск облысы қалалық ауданының Ольшаники деревнясындағы ұрыс үшін алды. Сол жерде болған жиырма минуттық ұрыста ол зеңберек оғымен жаудың ДЗОТының, бір зеңбіректің, жабындымен жабылған  2 машинаның, 3 пулемет нүктесінің және елуге жуық әскер мен офицердің көзін жойды.  

        1943 жылы М. Қайырбаев І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен мараптталды.

        1944 жылдың 19 тамызы 712-ші жойғыш танкке қарсы артиллериялық полкі батареясының командирі, аға лейтенант Махмет Қайырбаев он бес сарбазымен бірге қоршауда жаумен күресуші полк батареяларының біріне көмек көрсету жайында бұйрық алады. Бұйрықты орындауға бет алған Қайырбаев батареясы жолда жаудың жойқын қарсылығына тап болады – жаудың 100-ге жуық әскеріне он бес сарбаз қарсы келеді. Қайырбаев 70 фашисті жер жастандырып, қоршауда қалған батареяға көмекке жетті. М. Қайырбаев жеке өзі 20 немістің көзін жойды. Бұл кездері оның жеке құрамы артиллерияның қолдауымен жаяу әскермен бірлесе шабуыл жасаған қарсыластың 30 танкісімен аса ауыр шайқас жүргізіп жатқан еді. Батареяның офицерлік құрамы толығымен шарасыз күйге енді. Сөйтіп, қиын сәтте шұғыл шешім қабылдаған Қайырбаев басқаруды өз қолына алып, жаудың жеті шабуылына тойтарыс берді. Екі зеңбірек істен шығып қалды. Қайырбаев сонда да екпінін бәсеңдетпей, қалған зеңбірек оғымен қарсыластың үш танкісін отқа орады. Содан кейін немістің жаяу әскерімен қоян-қолтық ұрысқа түсті. Кескілескен ұрыста өжет офицер басқарған сарбаздар гитлершілердің батальонға жуық жауынгерінің көзін құртты. Ұзаққа созылған ұрыс нәтижесінде Шауляй қаласына немістердің танкттеріне жол жабылды. Мүлдем жас лейтинант Махмет Қайырбаевқа осы ұрыс үшін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

        1946 жылы Кеңес армиясы қатарынан Бесқарағай ауданына оралған Махмет Қайырбайұлы Бесқарағай аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, Бесқарағай аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Содан кейін қызметін Успен ауданында Успен аудандық атқару комитетінің төрағасы лауазымында жалғастырды. Одан кейін Ермак, Куйбышев аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, Куйбышев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Павлодар облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы болып абыроймен еңбек етті. Өзінің еңбек жолында Махмет Қайырбаев тың жерлерді игеру, Екібастұз жанар-жағармай-энергетикалық кешені сияқты және т.б. облыс тарихы үшін маңызды өркендеу кезеңіне мол үлесін қосты.

        1960-1971 жылдар аралығында М. Қайырбаев Қазақстан Компартиясы ОКнің мүшесі болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Павлодар облыстық Кеңесінің депутаты болып бірнеше рет сайланды.     

        Көрмеге барлығы батырдың жеке қорынан алынған, 100ден астам экспонат, құжаттар қойылды. Оның көбі түпнұсқа. Оларды кезінде  М. Қайырбаевтың отбасы сақтауға берген.

        Экспонаттардың бірқатары «аса құнды» мәртебесіне ие және де көрмеге келушілердің қызушылығын тудырады. Атап айтар болсақ, олар: 1941 жылғы 23 қазанда берілген Семей педагогикалық институты тарих факультетінің студенті М. Қайырбаевтың сынақ кітапшасы, Семей педагогикалық институтының 1-ші курс студенті М. Қайырбаевтың 1942 жылғы 26 қаңтардағы экстернатқа қабыдлау туралы өтініші; Ұлы Отан соғысына қатысқандығы туралы құжаттар: 1944 жылғы 04 қарашадағы Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың марапаттау парағы,  М. Қайырбаевтың майдандағы жолдастары – Шауляй қаласы түбіндегі ұрыстардың батырлары Г.Г. Мельниковпен, Н. Сазановпен, Долгановпен, Горшковпен 1945 жылғы мамыр айында түскен фотосуреті, 1946 жылғы 3 маусымда толтырылған Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың есептік карточкасы және басқалар. Сондай-ақ көрмеге батырдың соғыстан кейінгі жылдардағы еңбек жолынан сыр шертетін құжаттар: қызметтік куәліктер, мандаттар, КОКП ОК, Қазақстан Компартиясы ОК съездеріне қатысқан сәттерінен фотосуреттер және т.б. қойылды.

        Академик Ш. Шөкин М. Қайырбаев туралы былай деген: «Әрбір адам жақсы атын шығаруы үшін талпынуы және күресуі керек. Бұл кез-келген байлық пен адамның қоғамда орын алуы мүмкін қандай да бір жоғары мансабына қарағанда ең қыбат іс болмақ. Бұған талпынатындар өте аз. Талпынушы және күресуші тұлғаның бірі Махмет Қайырбаев». Батырдың жерлестері оны мәңгі есте сақтайды. Павлодар қаласындағы орталық көшелердің біріне оның есімі берілген, Даңқ аллеясында Батырдың бюсті орнатылған, оған көптеген поэмалар мен өлеңдер арналған.

        М. Қайырбаевты мәңгі есте сақтау туралы құжаттарға көрменің айрықша бөлімі берілген: Павлодар қаласындағы көшелердің біріне, Ақтоғай ауылындағы мектепке Батырдың есімін беру туралы қаулы, М. Қайырбаевқа арнаған Мұзафар Әлімбаевтың «Тұғырлы тұлға» атты поэмасы, Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың атындағы жүлдеге өткізілген самбодан Халықаралық турнирлерге шақыру-бағдарламалары және т.б. қойылды.

        Көрмеге мерейтойлық іс-шараға шақырылған облыс жұртшылығы, Батыр отбасының мүшелері, сондай-ақ облыс әкімі Қ. Бозымбаев, Павлодар қаласының әкімі Б. Бақауов, Павлодар қаласындағы кадет мектебінің, № 22, № 35 мектептердің оқушылары қатысты. 

Оңнан солға қарай: Май ауданынан келген еңбек ардагері, мұғалім, мектеп директоры Арықбай Жидебай, Май ауданының «Сталин туы», «Ленин туы», «Шамшырақ» газеттерінің журналисті Илял Ахметсыздықұлы Ахмедиев.

Солдан оңға қарай: 28738 әскери бөлімі артиллериялық бригада командирінің орынбасары, подполковник Игорь Юрьевич Тихоненко, 28738 әскери бөлімі артиллериялық дивизион командирінің орынбасары, майор Қуаныш Екібасов, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының бөлім бастығы Надежда Александровна Кубик.

 

Солдан оңға қарай: Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың ұлы Мұрат Махметұлы Қайырбаев, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының директоры Қаншайым Ғалымжанқызы Мақажанова, 28738 әскери бөлімі артиллериялық дивизион командирінің орынбасары Қуаныш Екібасов, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнар Баркенқызы Нұрахметова, 28738 әскери бөлімі артиллериялық бригада командирінің орынбасары, подполковник Игорь Юрьевич Тихоненко.

Павлодар қаласының құрметті азаматы Евгений Григорьевич Азаров, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Күләш Оразымбетқызы Есімханова.

Солдан оңға қарай: Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Владимир Александрович Берковский, Павлодар облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының бөлім бастығы Надежда Александровна Кубик, Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың ұлы Мұрат Махметұлы Қайырбаев.

Солдан оңға қарай: Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың немересі Дархан Қайырбаев, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының директоры Қаншайым Ғалымжанқызы Мақажанова, Кеңес Одағының батыры М.Қ. Қайырбаевтың жары Сәбира Қайырбаева, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Күләш Оразымбетқызы Есімханова.

Солдан оңға қарай: Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың ұлы Мұрат Махметұлы Қайырбаев, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының директоры Қаншайым Ғалымжанқызы Мақажанова, Павлодар облысы бойынша қорғаныс ісі департаменті бастығының орынбасары, майор Дмитрий Александрович Буксман, 28738 әскери бөлімі артиллериялық бригада командирінің орынбасары, подполковник Игорь Юрьевич Тихоненко.

Солдан оңға қарай: Павлодар қаласының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының бөлім бастығы Надежда Александровна Кубик, Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың ұлы Мұрат Махметұлы Қайырбаев.

 

№ 35 орта мектептің 5 сынып оқушылары экскурсияда.

Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының оқушылары экскурсияда

 

 

 

 

Облыс меммұрағатының бөлім бастығы Н.Кубик