2015 жылдың 4 тамызыда «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі «Радуга взаимного сотрудничества» жобасы шеңберінде әдістемелік семинарға «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің мұрағатшыларын: Есімханова К.О., Аубакірова А.Ж., Стрелецкая Т.Р., Жексенова Б.Ш., Мажит А.Е. дәріскерлер ретінде шақырылды.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының холлында 5 бағыт бойынша жаттықтырушы семинар өтті:
1) «Кадрлық аудит, басқарманы құжаттамалық қамтамасыз кету»
2) «Реквизитті ресімдеуге қойылатын талаптар»
3) «Кіріс пен шығыс құжаттарын өңдеу тәртібі»
4) «Құжаттарды тіркеу және орындалуын бақылау тәртібі»
5) «Ұйымның іс номенклатурасы»
Осы іс-шара барысында мұрағатшылар өзінің баяндамаларына қоса, интерактивті тақтада презентацияларын ұсынды, сонымен қатар, жастар ұйымдарының қызметкерлері іс-қағаз жүргізу мәселелері бойынша өз сұрақтарына көрнекілік үлгілермен көрсетілген нақты да толық жауап алу мүмкіндіктері болды.