Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2015 жылғы 30 қарашада «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»аттыҚазақстан халқына Жолдауын телеарнадан тікелей эфир арқылы ұжымдық көріп, тыңдау ұйымдастырылды.

Облыс меммұрағатының қызметкерлері әлемдік дағдарыс жағдайында елдің іс-әрекеті туралы ақпаратты Елбасының өз аузынан естіді. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауымен танысқаннан кейін Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының басшысы Х.Х. Әкімханов сөз сөйледі. Ол Елбасы – Президенттің халыққа Жолдауын толығымен қолдайтындығын білдірді және облыс меммұрағатының ұжымын келе жатқан 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, әріптестеріне табыс тіледі.