«Боздақтар» естелік кітабының бесінші томының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы

2015 жылғы 22 желтоқсанда облыс меммұрағатында «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің басшысы Х.Х. Әкімхановтың төрағалығымен, 1994-2014 жылдары аралығында басылып шығарылған «Боздақтар» естелік кітабының бесінші томының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Алдыңғы басылымдардағы сияқты осында да 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, әскери госпитальдарда жарақаттан қайтыс болған, хабарсыз кеткен және ұзақ уақыт тұтқында болған жауынгерлер туралы мұрағатшылардың іздестіру жұмыстары нәтижесінде табылған қысқаша өмірбаяндық мәліметтер берілетін болады.