Көрме

Павлодар облысыныңмемлекеттік архиві Баянауыл бөлімінде 2016 жылдың 4-12 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің71 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге бөлімнің сақтау қорындағы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері Солдатенко Николай Алексеевич, Избастин Рымтай Избастинович, Тайжан Куляшев, Мазан Мусин, Нұрғали Нұрпейсов, Жағыпар Канафин, Әнуарбек Байпақбаев, Қабдуахит Шотаев, Хамза Абылгазин, Зайыр Сүлейменов, Камалиден Саметов сияқты ардагерлердің жеке тектік құжаттары мен заттары қойылды.

Көрмені тамашалауға ауданның мектептері мен ұстаздары шақырылды. Бөлімге өтініш беруге келген азаматтар мен азаматшаларға көрмені бөлім басшысы Гүлнар Шакирова мен бөлім архивисті Дана Диқанбаева таныстырды.  Келушілер көрмеге қойылған соғыс ардагерлерінің құжаттарын, фотосуреттері мен заттарын тамашалап, оң бағаларын беріп, алғыстарын айтты.