Халықаралық архивтер күні

Жыл сайын 9 маусымда Халықаралық архивтер күні (International Archives Day)атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 2007 жылғы қарашада Квебектегі (Канада) Бас ассамблеясында Халықаралық архивтер кеңесі  (МСА, International Council on Archives, ICA)бекіткен болаты. Мерекенің бұл күнге негізделуі кездейсоқ емес, осы күні 1948 жылы ЮНЕСКОның шешімімен МСА құрылған болатын. Бұл ұйымның құрылу күні Халықаралық архивтер күні болып белгіленді. 2008 жылы өткен алғашқы бұл мереке МСАның 60 жылдығымен дөп келді.  

Халықаралық архивтер кеңесі – әлемдік архив қауымдастығының кәсіби ұйымы, бұл ұйым әлемдік архив мұрасын сақтауға, дамытуға және пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, ол бейтарап үкіметтік емес ұйым болып табылады, оны әлем бойынша көптеген архивтер мүшелері қаржыландыратын ұйым. Қазіргі күні МСАда 190 елден 1,5 мыңнан астам мүшесі бар. Ұйымның қызметі халықаралық стандандарттарды орнату және архистердің біліктілігін артыру арқылы әлемде архивтерді тиімді басқару және архив мұрасын сақтау, өңдеу және пайдалану мәселелерін шешуге, сондай-ақ архивистер, саясаткерлер, кәсіпкерлер және қарапайым архивтерді пайдаланушылар арасында диалог өткізу арқылы архивтерге қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қоғам өмірі үшін архивтердің рөлін қайта бағалау өте қиын. Өз алдына ақпараттық орталық бола отырып, олар ретроспективті құжаттық ақпаратқа қолжеткізуді қамтамасыз етеді, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысындағы міндеттерді шешуге, тиімді мемлекеттік басқаруға септігін тигізеді, сондай-ақ өткенді ғылыми тұрғыдан танып-білуді қамтамасыз етеді.

Архивтер – тек қана мәдени және тарихи мұраның маңызды ақпараттық ресурстары ғана емес. Әрбір адам өмірінде архивтер кейбір уақыттарда маңызды рөлге ие болып жатады. Өйткені онда біз жайлы, адамдардың еңбек тарихы, марапаттары туралы, қандайда бір заңды мәмлелер, қаржылық операциялар және т.б. туралы жеке мәліметтер сақтаулы. Архив дереккөздері мен форматтарының әртүрлілігі ауқымды. Сондықтан архивтік деректер адамзаттың экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының баға жетпес куәсі болып табылады. Сондай-ақ, құжаттық мұраны сақтау, бірегей құжаттармен адамдардың танысуына мүмкіндік беру архивистердің басты міндеті. Сондықтан Архивтер күні аталған сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, жұртшылықтың және архив ісінің жетістіктері мен проблемаларына қатысты шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аудару үшін белгіленген атаулы дата.

Ертістің Павлодар өңірі архив қызметінің құрылу датасы 1925 жылғы 30 шілде болып есептеледі. Дәл, осы күні Жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттары кеңесі Павлодар уездік атқару комитеті президиумының қаулысымен Павлодар уездік атқару комитетінің штатына архивариус лауазымы енгізілген болаты. Қазіргі таңда архив ісін басқару органы Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы болып табылады. Құжаттарды тұрақты сақтауды Павлодар облысының мемлекеттік архиві, Ақсу және Екібастұз қалаларының мемлекеттік архивтері, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Успен, Шарбақты архивтері жүзеге асырады. Сонымен бірге, Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық архиві жұмыс істейді. Облыстағы архив мекемелерінде Павлодар облысы мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының басқарушылық, ғылыми-техникалық, аудиовизульді құжаттамаларының және 1823-2010 жылдар аралығындағы жеке құжаттардың 1 миллион 208 мыңнан астам сақтау бірлігі сақтауда тұр. Бұл құжат түрлерінің жиынтығы отандық тарихтың әртүрлі аспектісі бойынша мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Павлодар облысы мемлекеттік архивінің құжаттарында ХІХ ғасырдың бірінші ширегінен бастап, Ертістің Павлодар өңірі тарихы бойынша мәліметтер бар. Жалпы көлемде олардың үлесі көп емес, 1 %-дан төмен. Олар мемлекеттік сақтауға жеке тектік қорлары мен бірқатар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар қорлары құрамында түскен.

Павлодар облысының мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған құжаттардың негізгі ауқымы кеңес дәуірі мен Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуы мен қалыптасуы мерзіміне жатады.

Павлодар уездік және округтік билік органдары мен басқармаларының қорларында Ертіснің Павлодар өңіріне кеңес билігінің орнығуы үшін күрес, экономиканы қалпына келтіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мәдени құрылыс бейнеленген. Сондай-ақ, сол кезеңнің оқиғалары Павлодар комсомолы алғашқы ұйымдастырушыларының бірі Н.Ф. Калининнің; Баянауылдың алғашқы әйел-коммунисі Комарованың-Бельденинованың; астық дайындау кезінде кулактардың қолынан қаза тапқан 20-шы жылдардағы комсомол И.Ф. Рояның жеке тектік қорларында бейнеленген. 

Павлодар облысының 1938 жылдан құрылуынан бастап, Ертістің Павлодар өңірі тарихының жаңа кезеңі басталды. Павлодар облысының экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері қалай қарастырылғанына және шешілгеніне депутаттардың облыстық және аудандық, қалалық кеңестері сессияларының, олардың атқару комитеттері отырыстарының хаттамалары дәлел бола алады.

Сталиндік дәуірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін туралы 30-40-шы жылдар мен 50-ші жылдардың басындағы негізсіз қудаланғандар істері мен құжаттарының топтамасынан көруге болады. Оның бағалы бөлігін қудаланғандардың, лагерлік түрмелерден тірі қалғандардың еске алулары, тұтқындардың хаттары, фотосуреттері, қайтыс болғандығы (атылғандығы) туралы куәліктер құрайды. Топтамаға саяси және қоғам қайраткері К. Бердалиннің; ғалым-саяхатшы, Арктиканы зерттеуші Е.С. Гернеттің; Павлодар ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебіның оқытушысы С. Жүсіпбековтің; тарих ғылымдарының докторы, Вена университетінің және Қазақ пединститутының профессоры П.П. Кунтенің (Бруннердің); ғалым, танымал «Катюша» реактивті қаруын құрастырушылардың бірі Г.Э. Лангемактің; партия қызметкері М.Н. Нүрпейісовтің; Үрлітүп ауданы «Заря» ұжымшарының төрағасы О. Тынәлиевтің және басқалардың құжаттары кірді. Топтамада барлығы екі мың жарымнан астам адам жайлы мәлімет бар.

Сонымен қатар, Павлодар облысының архивтік қоры жаңа құжаттық дәлелдермен – КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеумен, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау және мәңгі есте сақтаумен, ағарту және құқық қорғау қызметімен айналысатын «Мемориал» Халықаралық тарихи-ағарту, құқық қорғау және қайырымдылық қоғамының (Мәскеу қ.) бағалы архивтік материалдырының көшірмелерімен толықтырылды. 6216 адамды болатын қуғынға ұшырағандың ішіне кіретін Павлодар облысымен биографиялық байланысы бары 56 қуғындалған азаматтың - павлодарлықтардың аннотацияланған тізімі, анкеталар, тұтқынға алу, тергеу сәтіндегі, сот барысы, жазасын өтеу мерзімдері мен босату туралы мәліметтер, туысқандарының еске алулары, архивтік анықтамалар, хаттар, фотосуреттер, мақалалар және т.б. 30-40-шы жылдар мен 50-ші жылдардың басындағы негізсіз қудаланғандар істері мен құжаттарының топтамасын толықтырып отыр.      

         Құжаттардың ауқымды кешені жерлестеріміздің Ұлы отан соғысында көрсеткен ерліктерін айқын дәлелдейді. Облыстық мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлары Ұлы Жеңіске облыстағы еңбеккерлердің қосқан зор үлесі жайлы баяндайды. Жеке тектік құжаттардан Азаматтық және Ұлы отан соғыстарына қатысушылардың істерінің, құжаттары мен еске алуларының, Кеңес Одағының Батырларының, еңбек армияшылардың істері мен құжаттарының топтамалары құрастырылды. Соғыс жылдары жайлы көптеген қызықты мәліметтер Ұлы отан соғысына қатысушылар Р.Ж.Аликовтің, С.Ф. Гончаровтің, З.П. Ереминаның, Х.Р. Мүсеновтің, Г.В. Путинцевтің және басқалардың, сондай-ақ тыл еңбеккері, соғыс жылдары жоғары өнім алу тобын құру жөніндегі қозғалыстың бастамашысы А.И. Дацкованың; депортацияланған поляктарды орналастырумен айналысқан А.М. Захарованың жеке қорларында бар.

         Ұлы Отан соғысы тарихының ең бір сұрапыл және қайғылы парақтары – кеңес азаматтарының шоғырландыру лагерьлеріне, Германияға мәжбүрлі жұмыстарға келуі жайлы бірегей құжаттар Фашистік лагерьлер тұтқындарының істері мен құжаттарының топтамасында беріліп отыр.

         Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің архивтерінен анықталған Ертістің Павлодар өңірі тарихы жөніндегі түпнұсқа құқығындағы құжаттар көшірмелерінің топтамасына көшірмесі түсіріліп, облыс мемархивінің түпнұсқа құқығындағы қорларына енгізілген Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Орталық архивінің құжаттары кіріп отыр. Бұл құжаттар Ұлы Отан соғысы жылдарында павлодарлықтардың әскери іс-қимылдарға қатысқандығын дәлелдейді: Кеңес Одағы Батырларының марапаттау парақтары, жеке істері, есепке алу-қызметтік карочкалары, формуларлар, әскери мінездемелер, әскери бөлімдердің бұйрықтары, қаза тапқандардың карточкалары және т.б.  

          ХХ ғасырдың екінші жартысындағы облыс экономикасының дамуын жергілікті билік органдары мен халықтық шаруашылық басқармалары қорларында, сондай-ақ Павлодар облысының өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруашылықтары қорларында кейінге қалдырылған құжаттарынан көруге болады.   

         Павлодар облысының мемлекеттік архиві құжаттарының айтарлықтай кешенін Павлодар облысы ЖЭО-нің, темірбетон бұйымдары кәсіпорындарының, өндірістік, тұрғын үй-тұрмыстық және мәдениет бағытындағы ғимараттардың жобалары, жол құрылысы, кеңшарлардағы зерге орналастыру жобалары бар ғылыми-техникалық құжаттамалар құрайды.   

         Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ленин сыйлығының лауреаты Г.Г. Берестовскийдің; техника ғылымдарының кандидаты, КСРО мен Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген рационализаторы, Павлодар қаласының құрметті азаматы С.С. Беркетовтің, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Социалистік Еңбек Ері Я.Г. Герингінің; медициналық ғылымдарының кандидаты, хирург, рационализаторС.Б. Иманғазиновтың; тарих және саяси ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық ғылым академиясының профессоры, партия және қоғам қайраткері Г.Н. Иреновтің, экономика ғылымдарының кандидаты О.Қ. Қожановтың; философия ғылымдарының кандидаты, журналист В.С. Молотовтің; философия ғылымдарының кандидаты,  Павлодар педагогикалық институтының профессоры В.В. Мухиннің; ғалым, академик, Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті Қ.И. Сәтбаевтің; техника ғылымдарының кандидаты, өнертапқыш О.Г. Сосновскийдің; педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Р. Шаймерденовтің және басқалардың құжаттары Павлодар облысындағы ғылымның дамуы туралы түсінікті кеңейте түседі.

         Тарих ғылымын дамыту үшін, халық тарихын тереңірек және толығымен танып-білу үшін қазақта шежіре деп аталатын оның шежіресімен танысу өте жоғары маңызға ие. Павлодар облысының мемлекеттік архивінде қазақ халқының тайпасы мен рулары шежіресінің істері мен құжаттарының топтамасы құрылды.

         Өңірді әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері мәдениет және өнер, денсаулық сақтау, білім беру, дене тәрбиесі және спорт мекемелерінің қорларындағы кейінге қалдырылған құжаттарының ауқымды кешенінде бейнеленген.

         Павлодар облысы архив қызметінің даму тарихына және Қазақстан Республикасы архив ісінің дамуына қосқан жеке үлесіне архив ғылымының кемеңгері, архив қызметінің ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО архив ісінің үздігі В.Д. Болтина мен архив ісінің ардагері, КСРО архив ісінің үздігі Л.В. Шевелеваның жеке қорларының құжаттары дәлел бола алады.

         Сондай-ақ, Павлодар облысының мемлекеттік архиві тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуы кезеңіндегіПавлодар облысының өмірінен сыр шертетін құжаттармен де толықтырылады. Мемлекеттік сақтауға өкілді және атқарушы билік органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік үлгісіндегі кәсіпорындардың, ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың құжаттары түсті. Олардың арасынан экономиканың дамуы, әлеуметтік-мәдени мәселелердің шешімдері, Қазақстанды мекен еткен көп ұлттың ұлттық дәстүрлерінің жаңғыруы туралы мәліметтерді табуға болады.

         Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің архивтерінен анықталған Ертістің Павлодар өңірі тарихы жөніндегі түпнұсқа құқығындағы құжаттар көшірмелерінің топтамасында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінен анықталған Тәуелсіз кезеңі құжаттарының ауқымды кешені бар. Олар, алғашқы жалпыхалықтың Президент сайлауы, жаңа Конституция жобасын дайындау жұмысы, жаңа мемлекеттік рәміздерді дайындау және бекіту, астананы көшіру және жас мемлекеттің қалыптасуындағы тағы басқада маңызды сәттер топтамадан орын алып отыр.   

         Қоғамдағы діннің жаңғыруына байланысты қоғамның діни өмірі туралы, дінге қатысты мемлекет саясатын өзгерту жайлы баяндайтын құжаттар қызғушылық туғызады. Бұл мәліметтердің бірегей дереккөздері Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы дін істері жөніндегі Павлодар облысы бойынша уәкілінің қоры, мешіттер, шіркеулер және Павлодар округі АХАЖ органдары құжаттарының топтамасы, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уәкілетті имамы, Мәшһүр Жүсіп бас мешітінің бас имамы Ықылас Жұмабай қажы Қамысбайұлының, Павлодар қаласы благовещенск кафедралы соборының және Христо-Рождественск храмының настоятелі (И.Б. Еременконың) жеке қорлары болып отыр.  

         Павлодар облысы мемлекеттік архивінің кинофотофоноқұжаттары мен бейнефонограммалары өзінің құрамы бойынша көпқырлы және мазмұны бойынша өте бай. Сондай-ақ, олар да қоғамның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі оқиғаларды бейнелейді. Олардың арасында Д.П. Багаевтің бірегей фотоқұжаттары ерекшеленіп тұрады. Павлодар облысының мемлекеттік архивінде кәсіби фотограф, өлкетанушы, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы және алғашқы директоры Д.П. Багаевтің жеке қоры бар.   

         Павлодар облысы мемлекеттік архивінің құжаттары негізінде құжаттық басылымдардайындалды. Павлодарлық таришылар-архивистер 1997 жылдан бері құжаттардың 7 жинағын, 11 кітапты және бір брошюраны, оның ішінде «Из истории Русской Православной Церкви в Павлодарском При­иртышье. 1919-1990» (1999),  қазақ және орыс тілдерінде «Ертістің Павлодар өңіріндегі ислам тарихынан. 1919-1999» (2001),  «Здравоохранение Павлодарского Прииртышья в документах. 1892-2002» (2002), «Павлодарская область: страницы истории. 1938-2003 гг.» (2003), «Павлодарцы в годы Великой Отечественной. 1941-1945» (2005), «Экибастуз в документах. 1957-2006 годы» (2007) «Комсомол: документы, цифры, факты» (2008); книги «Забвению не подлежит» (1997),қазақ және орыс тілдерінде «Аза тұту кітабы. Атылғандар тізімі» на казахском и русском языках (1999),   «Хроника целины: Павлодарская область. 1953-1964 годы» (2004), «Земля Успенская» (2005), «Нас породнила Качирская земля» (2007), «Яков Геринг: «Вся моя жизнь для людей» (2007)кітаптарды, Павлодар облысы архивтер және құжаттама басқармасының басшысы В. Болтинаның «Немыслима без архива жизнь» (2004)авторлық кітабы, «Боздақтар» Естелік кітабының» төртінші томы (2014), «Павлодар обласының хронографы. 1938-2008» (2008) және оның жалғасы «Павлодар облысы: жана тарих беттері 1991-2012. Павлодарская область: страницы новейшей истории» (2012), «Қайыр Сәттібаев: «Мен бақытты жанмын» (2014)кітаптарын, «Жеңімпаздар» естелік кітабын», «Павлодар Ертіс өңірінің мемлекеттік мұрағат қызметіне 80 жыл – 80 лет государственной архивной службе Павлодарского Прииртышья» (2005) және «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағат қызметіне 90 жыл.90 лет Государственной архивной службе  Павлодарской области» (2015)брошюраларын жарыққа шығарды.     

         Облыс архиві мекемелерінің жұмыс тәжірибесінде алғашқылар облыс мемархивінің құжаттары бойынша   «Павлодарская область в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 г.г.»мультимедиалық анықтамалық құрал дайындалды.

         Павлодар облысының мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған құжаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құрамдас бөлігі, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының бір бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде оны мемлекет қорғайды.

         Павлодар облысында архивтік құжаттарды жинастырумен, сақтаумен және пайдаланумен 120-дан астам қызметкер айналысады. Архивтік еңбек оңай емес және тынымсыз еңбекті талап етеді, алайда мәртебелі әрі игілікті іс. Ол тартымдылық қасиетке ие: әр күн сайын санаң кеңейеді және әр күн сайын сергек ойды талап етеді. Облыстың архивистері қазіргі буын өкілдері мен болашақ ұрпақ алдында құжаттық жадыны сақтау тұрғысындағы өздерінің жауапкершіліктерін саналы түрде сезінуде. Жоғары жауапкершілік, кәсіпке шексіз берілгендік, іске шығармашылық көзбен қарау, адамдарға шын ықыласпен көмек көрсету павлодарлық архивистерді ерекшелендіріп тұрады.    

        

 

 

 

Облыс мемархивінің басшысы Кубик Н.