Боздақтар

2016 жылғы 02 қыркүйекте сағат 15.00-де облыс мемархивінің Ак. Бектұров к-сі, 62/1 мекенжайындағы ғимаратында Павлодар облысының «Боздақтар» Естелік Кітабы редакциясы алқасының отырысы және бесінші томының тұсаукесері өтеді.

Кітпақа ұрыстарда қаза тапқан, жарақаттардан қайтыс болған, хабарсыз кеткен, сондай-ақ тұтқында болған 1380-ге жуық павлодарлық-жауынгер жайлы облыстың архивистері анықтаған мәліметтер енгізіліп отыр. Басылымның ерекшелігі кітапқа, бұрын жарық көрген «Боздақтар» Естелік кітаптарында, біздің ойымызша, ақпарат толық немесе нақты емес болған                790 павлодарлық-жауынгердің тағдыры жайлы нақтыланған мәліметтердің енгізілуі болып табылады. 

Басылым павлодарлық жауынгерлер қатысқан ұрыстар болған жерлерге және әскери зираттарға Павлодар қаласының іздестіру жасақтары орнатқан ескерткіштер мен обелисктердің фотосуреттерімен көркемделген.