2016 жылғы 10 желтоқсанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік. Бейбітшілік. Келісім. Тұрақтылық. Независимость. Мир. Согласие. Стабильность» атты фотоқұжаттық көрменің ашылуы болып өтті. Көрмені Қазақстан Республикасы Президенті архивінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің құжаттары бойынша Павлодар облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері ұйымдастырды.
Фотоқұжаттық көрме Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын, жас мемлекеттің аяққа нық тұруындағы, халықаралық аренада ел беделін нығайтудағы, ядросыз мемлекет мәртебесін алудағы Ұлт көшбасшысының рөлін, тәуелсіздіктің 25 жылында Павлодар облысының жеткен жетістігін көпшіліктің назарына ұсынуға бағытталған.
Көрме, әртүрлі салаларда жалпы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және де Павлодар облысының қалыптасуының негізгі тарихи оқиғаларымен танысуға мүмкіндік береді. Архивтік құжаттардың фотоқұжаттық экспозициялары патриоттықты нығайтуға, мақтаныш пен тәуелсіз мемлекеттің құрылуына қатыстылық сезімдерін қалыптастыруға негізделген.
Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Г.Н. Шойкин, облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев, қоғам өкілдері, Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары, № 5512 әскери бөлімнің қызметкерлері қатысты.




