«Уақыт қарқыны зымыран» Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекетпен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретіне сенемін.»
(Н.Ә.Назарбаев)
Қазақстан Тәуелсіздікігіне 25 жыл!
Тақырыбы: «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген»
Құрметті оқушылар!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне биыл 25 жыл толып отыр. Ата-бабаларымыздың, мыңдаған жау жүрек батырларымыздың, елі үшін, жері үшін көтеріліске шықан ұл-қыздарымыздың арқасында келіп жеткен ұлы мереке. Сіздерді Тәуелсіздік мереке күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Міне биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне
30 жыл болды. Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» атты сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендіше осы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатына кәміл сенді. Қаншама тарихи оқиғалар өтті, осыларды еске түсіріп өтейік. Қазақ халқының жылдар бойы қиын өмір жолдарынан өткен күндері, батырларымыздың жері үшін шыққан көтерілістері, 1941-1945 жылдардағыҰлы Отан соғысы, желтоқсан оқиғасы: Тәуелсіздіктің құны міне осындай....
Желтоқсан оқиғасы – біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн. 1991 жылы 16-желтоқсан –ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Осы жылы 1-желтоқсанда тұңғыш президентіміз сайланды, 29 –тамызда Семей полигоны жабылды. 1992 жылы 2-наурызда Қазақстан Республикасы дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 8-мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды. 4-маусымда ҚР-ның Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды. 1993 жылы 15-қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді. Армандаған күнге де жеттік. Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық. Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, ән ұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Осы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Туған жерді сүю -парыз, сүю үшін білу –парыз, Қасиетін ұғу-парыз!
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту –тәті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Тәуелсіздік- ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.
Ел тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы баршаңызға құтты болсын!









