Мектеп сабағы

2017 жылғы 15 наурызда Павлодар облысының мемлекеттік архивінде Павлодар қаласындағы №7-ші мектептің 8-ші сынып оқушылары болды.

Қонақтарға облыс мемлекеттік архиві құжаттарының құрамы мен мазмұны жайлы ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің архивисі Ольга Васильевна Бобрешова айтып берді. «Архив» деген не, онда қандай құжаттар сақталады, аса құнды құжаттар деген не екендігі жайлы баяндаған архив маманын оқушылар ұйып тыңдады. О.В. Бобрешова Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі құжаттарға: хаттарға, фотосуреттерге, қайтыс болғандығы туралы хабарламаларға, еске алуларға және т.б. құжаттарға ерекше тоқталып өтті. Ольга Васильевна оқушыларға отбасылық архивтерде сақтауда жатқан жеке құжаттарда тарих жатқандығы, сол кездің ерекше бір рухы сақталғандығы, сол құжаттардың қалай архивке түсетіндігі туралы, бастапқы күйіндей оларды ұзақ уақыт сақтау үшін құжаттардың қандай жағдайда сақталуы керек екендігі жайлы айтып берді. Ұлттық архив қорының ерекше бөлігін құрайтын «аса құнды» белгісі бар құжаттар слайдтар арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына құжат қоймалары көрсетілді. Олар онда архивтік құжаттардың қандай жағдайда сақталатындығымен танысты.