2017 жылғы 28 сәуір күні С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхананың фойесінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына, республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдығына және облыстық ардагерлер ұйымының 35 жылдығына арналған «Соғыс күндері мен жанғыру жылдары. Дни боев и годы созиданий»атты фотоқұжаттық көрменің ашылуы өтеді.
Көрмені ресми органдар құжаттарының және жеке тектік құжаттарының түпнұсқалары негізінде Павлодар облысының мемлекеттік архиві дайындады. Экспозицияға Павлодар облыстық, қалалық Ильич және Индустриалды аудандық ардагерлер кеңестері қорыларынан, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің, Қазақ КСР-нің және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкерлерінің, Павлодар қаласының құрметті азаматтарының, облыстың белгілі адамдарының жеке қорларынан алынған құжаттар кіріп отыр.