«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 5 қыркүйегінде «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары Ә.Б. Бегімова облыстық экспедиция құрамында Шарбақты ауданының сакралды жерлеріне баруға қатысты.
Экспедиция «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орналасқан Ғабдул-Уахит хазіреттің кесенесінде болды. Кесене қарағай орманының тұңғиығында орналасқан. Бұл - хазіреттердің бірі тыныштық тапқан, Қазақстанның киелі жерлерінің бірі. Оның бірегейлігі «хазірет» атағы Мир-и Араб Бұқара медресесінің жүз мыңдаған оқушыларының біріне ғана беріледі. Біраз уақытқа дейін кесене туралы тек жергілікті тұрғындар ғана білетін, ал 2012 жылдан бастап ол облыстан тыс жерлерге танылды. Мұнда адамдар жүректеріне сенім мен үміт ұялатып қажылық жасайды.
Ғабдул-Уахит хазірет 1853 жылы ол кезде әлі Павлодар уезді Үрүк болысының ауылдарының бірінде туған. Алғашқы білімді молладан алған. Оқуын жалғастыру үшін ол Бұқараға аттанған. Кітапханадағы әдебиеттің көбін зерттегеннен кейін, Ғабдул-Уахит қарапайым халыққа өз білімін жеткізу үшін үйіне қайтуға шешім қабылдады. Қайтқан соң ол медресе ашқан. Ғабдул-Уахит хазірет адамдарға әсер ете алатын ерекше табиғи күшке ие болған. Дұғамен емдеп, келешекті болжаған, барлық мұқтаждарға көмектескен, осы үшін оны қасиетті деп құрметтеген. 1926 жылы қайтыс болғаннан кейін де оның бейіті мұсылмандардың қажылық жасайтын орыны болған. Кейіннен, 1953 жылы қасиеттінің жерленген жерінде мазар салынды. Бірақ соңғы кезде осы жерде жиілеп кеткен орман өрттері оны біраз зақымдады. 2012 жылы Ғабдул-Уахит хазіреттің жаңа кесенесі салынды.