Заманауи қоғамдағы архивтер: дамудың үрдістері мен перспективалары

2017 жылдың 15 қыркүйегі Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Қ.Ғ. Мақажанова «Взгляд в будущее: Модернизация общественного сознания» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында өткізілген және Қарағанды облысы архивтік қызметінің 80-жылдығына арналған Қарағанды қаласындағы «Архивы в современном обществе: тенденции и перспективы развития» Республикалық ғылыми-теориялық конференциясына қатысып, «Хранилище исторической памяти» тақырыбындаа баяндама жасады.

Конференцияда архив ісінің қазіргі жағдайы, оның даму перспективасы, архивистер алдында тұрған негізгі өткір мәселелер, Қазақстандағы іс-қағаздар жүргізу мен архив ісін жетілдірудің инновациялық жолдары қарастырылды.

Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Агимбаев Еркебұлан Мүлікұлы өз сәлемдесу сөзінде «Мәңгілік ел» Ұлт Жоспарын іске асыру аясында архивтердің, халықтың материалды, рухани өмірін айшықтайтын құнды құжаттарды сақтаушылар ретінде және елдің тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі ретіндегі рөлі мен маңыздылығын ерекше атап өтті. Елбасы Н. Назарбаев «Взгляд в будущее: Модернизация общественного сознания» бағдарламалық мақаласында бүгінгі күні тарихи тәжірибені қолдана отырып, жаңа шындықты ескеріп бірлескен күшпен бәсекеге қабілетті мемлекетті құру керектігін атап өтті. Архивтер «Народ в потоке истории»аттытарихи зерттеулердіңарнайы бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Елбасы Н. Назарбаевтың нақтылауы бойынша архив тарихи естеліктің тірі қайнар көзі болды және де солай болып қала бермек.

Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Ж. Тұрсынова Қарағанды облысы архивінің тарихы туралы айтып берді.

Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Қ.Ғ. Мақажанованың сөз сөйлеуі халықтың тарихи мұрасын сақтаушылар – архивтерге жүктелген жоғары деңгейдегі жауапкершілік жайында болды. «Взгляд в будущее: Модернизация общественного сознания» тарихи хатында елбасы Н. Назарбаев ұсынған «Туған жер» бағдарламасы өңірлік тарихтың маңызды зерттелуін, мәдени-тарихи ескерткіштердің және жергілікті масштабтағы мәдени объекттердің қайта қалпына келтірілуін қарастырады. Архивистер күнделікті архив ісінің айнымас басымдылығын орындайды – Қазақстан Республикасы Ұлттық архив корының құжаттарын тыңғылықты жинау, ұқыпты сақтау және дұрыс қолдану. Архивстер жұмыс тәжірибесіне дәстүрлімен қатар жұмыстың жаңа формалары мен тәсілдері белсенді кіргізілуде. Архивтер өңір тарихы бойынша бай ақпараттық ресурстарға ие бола отырып, Президент ұсынған бағдарламаның іске асырылуына өзіндік тұрарлық үлесін енгізеді.

Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Конференцияда Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі архивтік іс және құжаттама Департаментінің директоры А.К. Мұстафина, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің директоры, техникалық ғылымдар докторы, профессор Б.А. Жапаров, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ж.М. Макашов, және де ғалым-профессорлар, тарихи ғылымдар докторлары А.С. Мұсағалиева, В.В. Козина және т.б. болғаны туралы айту жеткілікті.

Конференция қорытындысы бойынша «Материалы Республиканской научно-теоретической конференции «Архивы в современном обществе: тенденции и перспективы развития» мақалалар мен баяндамалар жинағы басылды.