В.Д. Болтинамен облыс архивистерінің кездесуі

2017 жылғы 6 қазанда Павлодар облысының мемлекеттік архивінде республикамызға танымал тарихшы-архивист, Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО архиві ісінің үздігі, 2017 жылы 70 жылдығын атап өткен  В.Д. Болтинамен облыс архивистерінің кездесуі болып өтті. Вера Димитровна бар ғұмырын архив ісіне арнап, Павлодар облысы мен Қазақстан Республикасы архиві қызметінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан.
В.Д. Болтина еңбек қызметін 1966 жылы бастаған, ал 1976 жылы облыстық архив ісін басқарудың атқырушы органына жетекшілік етеді. Вера Дмитриевна басқарушылық қызметке облыс архивтері аянышты жағдайға душар болған кезде келді. Келгендегі бірінші міндеті ұйымдардан құжаттарды жинау болды. Құжаттарды реттеу және оларды облыс мемлекеттік архивінің құрамына қабылдау бойынша ведомстволармен айтарлықтай жұмыс жасады, аудандарда, Ақсу және Екібастұз қалаларында шаруашылық есептегі архивтер ашыла бастады. Ғылыми-анықтамалық аппарат жасауға, құжаттарды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді. «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» облыстық газеттерінің редакцияларымен тығыз байланыс жолға қойылды. Осының арқасында архивтік құжаттар жарыққа шыға бастады.
В.Д. Болтина Л.В. Шевелевамен бірлесе отырып, тақырып пен мазмұны жағынан бірегей төмендегідей кітаптар мен құжаттар жинақтарын жарыққа шығарды: «Забвению не подлежит», «Книга скорби», «Из истории Русской Православной Церкви в Павлодарском Прииртышье. 1919-1999», «Из истории ислама в Павлодарском Прииртышье. 1919-1999», «Имена, вошедшие в историю» жалпы атауымен бүтін бір кітап сериясын, Павлодар облысының қалалары мен аудандарының тарихы жайлы құжаттар жинағын, «Павлодар облысының хронографы» энциклопедиялық басылымды және тағы басқаларды шығарды.
Кездесуде В.Д. Болтинаның атына қонаққа келген: «Звезда Прииртышья» газетінің бұрынғы редакторы Ю.Д. Поминов, Павлодар епархиясы Епархиялық басқармасының хатшысы А.Степанов, Павлодар облысы Әскери-патриоттық тәрбие беру ассоциясының төрағасы О.В. Николашин, облыстық атқару комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары В.В. Шершнева көптеген жылы сөз айтты.
Вера Дмитровна қырық екі жылын архив ісіне беріп, бүтін бір оқушылар тобын тәрбиеледі. Олар кездесу барысында талантты басшы Вера Дмитровнаның кәсібилігі мен қайырымдылығына құрмет көрсетті. Вера Дмитровнаның әріптестері әрі оқушылары облыс мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Қ.Ғ. Мақажанова мен Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық архивінің басшысы С.Б. Сүлейменова кеш қонағына ерекше ықыласты тілектерін жаудырды.