Мен Ұлы даланың ұлылығын ұқтым... Я степь узнал от края и до края...

2017 жылдың 20 қазанында Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,Павлодар қаласының құрметті азаматы , жазушы, ақын, драматург, аудармашы Аманжол Шамкеновтың 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Осы уақиға орай Павлодар облысының Мемлекеттік архиві «Мен Ұлы даланың ұлылығын ұқтым...Я степь узнал от края до края ...» атты фотоқұжаттық көрме дайындаған болатын. Көрмеге 1947-1991, 1997, 2001,2005 жылдарғы экспонаттар қойылды: А.Шамкеновтың жеке қорынан, құжаттар,қолжазбала, фотосуреттер. 
Көрмені жазушы отбасының мүшелері, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің педагогтары мен оқушылары көріп танысты.