Электронды архив

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Павлодар облысының мемлекеттік архивінде «Фактор» жүйелік зерттеу компаниясы өкілдерімен архивистердің іскерлік кездесуі болып өтті. Облыс мемлекеттік архивінің қызметкерлеріне «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша оқыту курсынан өткендігі туралы сертификаттар берілді.

Сондай-ақ кездесуде «Электронды архив» жүйесіндегі жұмыстар туралы мәселелер талқыланды.