Архив саласының ардагерлерімен кездесу

2019 жылғы 28 наурызда Павлодар облысының мемлекеттік архивінде жаңадан тағайындалған мекеме басшысы Мәншүк Зекенқызы Байзельдинованың Павлодар облысы архив саласының ардагерлерімен кездесуі болып өтті. Архив басшысы М.З. Байзельдинова, бірінші кезекте, жиналғандарға өзін таныстырып, облыстың архив саласын дамыту жолында алға қойған жоспарлары туралы, қазіргі таңдағы орын алып отырған прблемалар жайлы айтып, оларды шешу жолдары туралы өз ойын білдірді. 

Кездесу барысында құрметті архив саласының ардагерлері сөз алып, өз лебіздерін білдірді. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО архиві ісінің үздігі, өмірінің қырық жылдан астам уақытын архив саласына берген Вера Дмитриевна Болтина өзінің пікірімен бөлісіп, архив саласын дамыту, электронды архивті құру бойынша кеңестер берді. Сонымен бірге, КСРО архиві ісінің үздігі Павлодар облысы мемлекеттік архивін 30 жыл басқарған Людмила Васильевна Шевелевада жаңадан тағайындалған басшыға ыстық ықыласын білдіріп, еңбегіне жеміс тіледі. Сондай-ақ, кезінде Павлодар облысының мемлекеттік архивін басқарған Халел Хайроллаұлы Әкімханов пен бұрынғы Қазақстан Компартиясының облыстық комитеті архивінің басшысы Баян Мүбәрәкқызы Дүйсенбина өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу ардагерлерге жайылған кең дастарған үстінде өтті.