Бүгін, Павлодар облысының мемлекеттік архиві Ардагерлер үйінде «Боздақтар. Естелік Кітабы. Павлодар облысы» кітабының 6-томының тұсаукесері болып өтті.
Кітапқа Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан және із-түзсіз кеткен, сондай-ақ Ұлы Жеңіске қомақты үлес қосқан 752 павлодарлық жауынгерлердің есімі кіріп отыр.
Павлодарлық жауынгерлер жайлы мәліметтерді іздестіру және нақтылау бойынша қыруар жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде бұл кітап жарыққа шығып отыр.
Тұсаукесерді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шөкеев жүргізді. Іс-шарада «Боздақтар» жобасының басшысы және басылымның бас редакторы Х.Х. Әкімхановқа сөз берілді. Сонымен бірге, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшысы М.З. Байзельдинова да сөз сөйледі.
