Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық есеп

Бүгін Павлодар облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманының негізгі ережелерімен танысты. 

Баяндамада 2018 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асырудың тиімділігі мен нәтижелілігіне жасалған кешенді талдау және оны құқықтық және ұйымдастырушылық негізде жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар келтірілген. Жиында Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшысы М.З. Байзельдинова, басшының орынбасары Қ.Ғ. Мақажанова және заңгер А.А. Жұмадиева баяндама жасады. Басқосуда саладағы орын алуы мүмкін жемқорлық әрекеттерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы айтылды. Сондай-ақ, сөз алушылар қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.