«Уақытты кестелеген суреттер» кiтап-альбомының тұсаукесерi

2019 жылғы 8 қарашада сағат 11.00-де Павлодар облысы мемлекеттік архивінің Ак.Бектұров к-сі., 62/1 мекенжайындағы ғимаратында құрастырушы-авторлары В.Д. Болтина, Л.В. Шевелёва, Т.Е. Покидаеваның «Уақытты кестелеген суреттер» кiтап-альбомының тұсаукесерi өтті.

 

Кітап есімі әлемге танымал XX ғасырдың бірінші жартысындағы, Ертістің Павлодар өңірінің қарқынды әрі ауқымды тарихи бейнесі қалыптастырушы Павлодарлық фотосуретші Дмитрий Поликарпович Багаевке арналған. Ол өзінің өнерімен өлке тарихын: қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, көшпенді халықтың тұрмыс салтын, еңбеккерлердің ауыр жұмыстарын, кеңес билігінің қазақ даласына орнауын, ұжымдастыруды, соғысқа аттануды фотосуретпен бейнелеп кейінгі ұрпаққа қалдырды. Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғыру» атты бағдарламасында айтылған, қазіргі Қазақстан азаматтарын тәрбиелеуде аса қажетті жеке қасиеттер Д.П.Багаевтың бойында болды. Бұл – бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық біртұтастықты сақтау, білімге құштарлық, эволюциялық даму, ойдың ашықтығы.

«Уақытты кестелеген суреттер» басылымы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің (ҚР), Киров облысы мемлекеттік архивінің (РФ), Хабаровск өлкесі мемлекеттік архивінің (РФ), Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Орталық архивінің, Ресей көркемсурет академиясы ғылыми архивінің (Санкт-Петербург қ.), Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің (ҚР), Д.П. Багаев музей-үйінің (ҚР), Павлодар облыстық көркемсурет музейінің (ҚР), Новосібір мемлекеттік өлкетану музейінің (РФ), Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық музей-үйінің (ҚР), Павел Васильев музей-үйінің (ҚР), жекеменшік архивтерінің, коллекциялар мен жарияланған дереккөздердің құжаттары мен материалдары негізінде дайындалды.

Іс-шараға Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары С.Г. Османова, экономика ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, Павлодар қаласының құрметті азаматы, ҚР құрметті журналисі С.А. Горбунов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Ресей Жазушылары одағының мүшесі, Павлодар қаласының құрметті азаматы Ю.Д. Поминов, музейлер басшылары, Павлодар қаласының интеллигенция өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады.

Шақырылған қонақтар «Уақытты кестелеген суреттер» фотоальбомы Ертістің Павлодар өңірі тарихын зерттеушілер үшін материалдарға өте бай және ғалымдар мен зерттеушілерден басқа қарапайым оқырмандарға да қызықты болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, басылым полиграфияның аса сапалылығымен және безендірілуінің көркемдігімен де ерекше екенiн айтты.