«Дəуiр бiздi таңдады… Время выбрало нас…» атты фотоқұжаттық көрме Ауған соғысына қатысқан павлодарлықтарға арналады. Облыс мемлекеттік архивінің Павлодар қ. Ак. Бектұров көшесі, 62/1 мекенжайында орналасқан ғимаратының кіреберісінде орналасқан көрмеге Павлодар облысы мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған «Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті бөлімшелерінде борышын өтеген интернационал жауынгерлердің істері, құжаттары мен естеліктері топтамасынан» алынған құжаттар көрермендердің назарына ұсынылып отыр.



Көрмемен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары танысты.