Виртуалды тарихи-құжатты көрме
Павлодар облысының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басымдық багыттарына сәйкес 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Құжаттар сыр шертеді» виртуалды тарихи-құжаттық көрмесін дайындады.
ХХ ғысырдың 20-30-шы және 50-ші жылдарының басындыгы жаппай саяси қуғын-сүргін халкымыздың басына түскен ауыр қәсірет, тарихымыздың аянышты беттері. Барлық әлеуметтік топтар, ұлттар, жастар сталиндік қуғын-сүргіннен зардап шекті.
Виртуалды көрмедегі архив құжаттары қазақ халқының жаппай аштық, оның едәуір бөлігінің өлімі және қоныс аудару туралы; РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабына сәйкес саяси айыптардың құрбандары; 1939-1944 жылдары әртүрлі халықтар өкілдерін жаппай жер аудару; жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау және олардың мәңгі жасауын сақтау туралы әңгімелейді.