Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде «Архив айнасы» парақшасында онлайн режимінде «Павлодар облысы мемлекеттік архиві. Жолсілтегіш» анықтамалығы бойынша жұмыстардың аяқталуы туралы ақпарат берілді.

2020 жылғы 16 маусымда Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде «Архив айнасы» парақшасында онлайн режимінде «Павлодар облысы мемлекеттік архиві. Жолсілтегіш» анықтамалығы бойынша жұмыстардың аяқталуы туралы ақпарат берілді.

Бұл жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласының басым бағыттарын жүзеге асыруға арналған.

Архивтің базалық құрылымдық анықтамалығы зерттеушілерді архивтің нақты құжаттық ақпаратымен таныстыруға, архив қорларынан қажетті мәліметтерді тездетіп анықтауға бағытталған.