Павлодар облысының мемлекеттік архиві Астана күніне «Астанам – арман қалам. Город будущего» атты виртуалды тарихи - құжаттық көрмесін дайындады. Көрме мемлекеттік архивтің ресми сайтында 2020 жылғы 29 маусымында орналастырылған.
Көрме Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы багыттарына сәйкес дайындалды.
Көрмеде астананың Алматыдан Ақмолаға көшкені, Нұр-Сұлтан қаласының құрылу тарихы, жас астананың заманауи әкімшілік орталыққа айналуы туралы айтылады.