Ағымдағы жылғы 30 шілдеде Павлодар облысының архив қызметіне 95 жыл толып отыр. Осыған орай облыс мемлекеттік архивінде онлайн режимінде облыс архивистерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.
Жиналыста облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Е.Н. Дәуенов және Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы А.З. Қозбаева құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін жасады.