Іс жүргізудің өзекті мәселелері бойынша дәрістер

Кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының тыңдаушылары үшін іс жүргізудің өзекті мәселелері бойынша 2 дәріс өткізілді. 

Облыс мемлекеттік архивінің ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А. Кубик облыстың аудандары мен ауылдық округтері әкімдері аппараттарының мамандарына Қазақстан Республикасының іс жүргізу және архив ісі жөніндегі нормативтік құқықтық базасындағы өзгерістер, ресми құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар, қызметтік құжаттаманы ресімдеу кезінде жиі туындайтын проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы айтып берді.

Сондай-ақ тыңдаушылар үшін облыс мемлекеттік архивінің қоймасына виртуалды экскурсия өткізілді.