Дөңгелек үстел: «Тәуелсіздіктің тамыры – халық рухында»

23 қазанда «Ertis» мультимедиялық музейінде Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күніне арналған облыс мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Н. А.Кубиктің қатысуымен «Тәуелсіздіктің тамыры - халық рухында» атты дөңгелек үстел өтті.
Н. А. Кубик архивтердің тарихты қалай сақтайтыны туралы айтып берді, Бұл зерттеушілерге оқиғалардың барысын қалпына келтіруге, тарихи мәліметтерді нақтылауға және біздің мемлекетіміздің қалыптасуын түсіну үшін маңызы бар өткеннің беттеріне оралуға мүмкіндік береді.