«Мүшһүр Жүсіп мұрасындық жағыруы» ғылыми-практикалық конференция

Павлодар облысының мемлекеттік архивінің басшысы Б.Ж. Ибраев акедемик Қ. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайымен ұйымдастырылған «Мәшhүр Жүсіп мұрасының жаңғыруы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция аясында Мәшhүр Жүсіп Копеевтің рухани ықпалына қарсы коммунистік билік пен кеңестік мемлекеттік органдардың идеологиялық күресі туралы баяндайтын құжаттардың көшірмелерін мұражайға салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл құжаттар алғаш реет облыс мемлекеттік архивінің қорларында анықталды.

 

 

 

  

Сонымен қатар, конференцияға ғалымдар, профессор филология ғылымдарының докторы А.Қ. Тұрышев, профессор, тарих ғылымдарының

докторы Г.Е. Өтепова, профессор, филология, ғылымдарының докторы Н.К.

Жүсіпов, профессор, филология, ғылымдарының кандидаты «Мәшhүр  Жүсіп» қорының президенті Е.К. Жүсіпов және т.б. Қолжазбалармен сирек кітаптардың ұлттық орталығы (Астана қ.) конференция қатысушыларының назарына араб, көне түркі, шағатай тілдеріндегі бірегей қолжазбалар мен сирек кітаптардың түпнұсқасын және қайта басылған басылымдарының көшірмесін ұсынды.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...