БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2013 жылғы 8 сәуірде облыс әкімінің, облыс ЖОО ғалымдарының, еңбек ардагерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Достық үйінде «Павлодар облысы: жаңа тарих беттері. 1991-2012» кітабының тұсаукесері өтті.

Документалдық кітап көптеген суреттермен рәсімделген. Оны дайындау барысында мұрағаттық құжаттар мен мерзімді баспасөз материалдары, өлкетану әдебиеті пайдаланылды. Басылым Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі кезеңіндегі аймақ өміріндегі оқиғалар жайлы сыр шертеді.