БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Үстіміздегі жылдың 8 мамырында Жеңіс күнінің қарсаңында Әскери даңқ музейінің ғимаратында «Сен мәңгі естесің, жауынгер! Мы помним тебя, солдат!» фотоқұжаттық көрме ашылды. Көрмені Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыс мемлекеттік мұрағаты мен А.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі бірлесіп ұйымдастырды.

Көрмеге бір жарым мыңға жуық экспонат қойылды: бұл Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының қорында, Ресей Федерациясының Орталық мұрағаты мен Беларусь Республикасының Ұлттық мұрағатының және Финляндияның Ұлттық мұрағатының қорларында айқындалған құжаттар.

Ұсынылған экспонаттар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Павлодар облысының тарихы мен павлодарлықтардың фашистік Германияны жеңу ісіне қосқан зор үлесі жайлы баяндайды.

Көрмеге облыстың мемлекеттік мұрағатында сақтаудағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке қорларынан алынған құжаттар (еріктілердің өтініштері мен тізімдері, суреттер, хаттар, өлім туралы хабарламалар, қызыл әскер кітабы және т.б.), сондай-ақ соғысқа қатысқан павлодарлықтар туралы алыс-жақын шетелдік мұрағаттарда айқындалған құжаттар қойылды.

Мұрағатшылардың 2010 жылғы іздестіру экспедициясының нәтижесінде Ресей Федерациясының Орталық мұрағатының қорларынан 314-атқыштар дивизиясының атаулы тізімі, 101-жеке атқыштар бригадасының командалық және басшылық құрамының атаулы тізімі, 100-жеке атқыштар бригадасының жеке құрамының тізімі айқындалды. сол қорлардан Кеңес Одағының Батырларының, Даңқ орденінің кавалерлерінің есептік-қызмет карточкалары айқындалды.

Мұндай экспедиция Беларусь Республикасының Ұлттық мұрағатына да жасалып, қорлардан партизандар қозғалысына қатысқан павлодарлықтар туралы айқындалған құжаттар сканерден өткізіліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізілді.

Әскери тұтқындардың есептік карточкалары, пропагандалық парақтар, 2012 жылдың сәуірінде Финляндияның Ұлттық мұрағатында (Хельсинки қаласы) айқындалған фотосуреттер 1939-1940 жылдардағы кеңестік-фин соғысы кезінде тұтқынға түскен павлодарлық және қазақстандық әскери тұтқындар туралы мәлімет береді.

Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары жыл өткен сайын алыстай түсуде. Сол жылдардың кәугері болғандардың саны күн өткен сайын азаюда. Осы себептен өскелең ұрпаққа азапты да тойтарысты кезең туралы шындықты сақтап, жеткізу қиындай түсуде.