2013 жылғы 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Елдің тұңғыш Президенті. Басты миссия – халыққа қызмет ету. Первый Президент страны. Миссия – служение народу»атты фотоқұжаттамалық көрме өтті.
Көрмеге 1989-2013 жылдардан сыр шертетін 128 экспонат қойылды.
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының қалыптасуы кезеңіндегі Президенттің жеке рөлін көрнекті түрде көрсету мақсатында бұл фотоқұжаттамалық көрмені Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырды. Қазақстан азғантай ғана уақыт ішінде әлем мойындаған бейбітшілік саясатын жүзеге асырушы ел ретінде танылып үлгерді. Ол мемлекеттік рәміздерін жасаған, ұлттық валютасын енгізген, мемлекеттік тілін анықтаған жас мемлекет. Тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру жолында қиын-қыстау кезеңді бастан кешкен экономика тұрақтанды, нарықтық қатынасқа көшу жүзеге асырылды, адам тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында да: әлеуметтік, мәдениет, білім беру, денсаулықты сақтауда айтарлықтай өзгерістер орын алды. Көрме облыстағы әртүрлі салалардың алға басуына елдің Тұңғыш Президентінің қосқан үлесін ұғынуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ол патриотизмді нығайтуға, мақтаныш сезімін қалыптастыруға және жас өскелең ұрпақтың тәуелсіз мемлекетті құруға араласуына бағытталды.
Көрменің бірінші бөлімі – «Тәуелсіздік – бұл тұрақты мемлекет, қарқынды даму, халықаралық абырой» деп аталды. Бөлімге қойылған «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациялар жайлы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 25 қазандағы қаулысының, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік егемендікті қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кешкі салтанатты отырысында сөйлеген сөзінің, Қазақ КСР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Компартиясы ОК Пленумінде ОК және барлық деңгейдегі партия комитеттері қызметінің тоқтағандығы және Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшылығы өкілеттігін өзінен алып тастайтындығы туралы сөйлеген сөзі мен өтінішінің, «Қазақстан Республикасының Президенті лауазымының енгізілуі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысының және басқа да құжаттардың көшірмелері оның тарихи аспектісінде Тәуелсіздік алудың үдерісін көрсетті.
«Республикамыздың Туын, Елтаңбасын және Гимнін ардақтау әрі құрметтеу – әр қазақстандықтың міндеті» атты көрменің екінші бөлімінде тәуелсіз Қазақстанның жаңа рәміздерін әзірлеу, талқылау және оны бекіту үдерісін айқындайтын құжаттардың көшірмелері қойылды.
«Ядролық қарусыз Қазақстан – еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің негізі» атты үшінші бөлімге Семей ядролық сынақ полигоны ауданындағы экологиялық жағдайы жайлы Қазақстан Компартиясы ОК әлеуметтік-экономикалық бөлімінің ақпараты, КСРО Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақстан Компартиясы ОК-нің Семей полигонында ядролық сынақтарды тоқтату туралы хаттары, Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы Н. Назарбаевтың Семей полигонындағы ядролық қару сынағын толығымен тоқтату туралы КСРО Жоғарғы Кеңесіне, КСРО Министрлер Кеңесіне, КОКП ОК-не жолдаған хаты, «Неведа-Семей» ядроға қарсы қозғалысына қатысушылар митингілерінің фотосуреттері кірді.
Төртінші бөлімнің құжаттары жас мемлекеттің бірінші Конституциясын жасау жұмысының үдерісін бейнеледі. «Өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасы Конституциясының (Негізгі Заңының) жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне жолдаған хаты, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын даярлау туралы Конституциялық комиссия отырысының стеннограммасы, Конституциялық комиссияға келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды талдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы отырысының стенограммасы, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын таныстыру салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың сөйлеген сөзі төртінші бөлімге қойылды.
«Ұлттық валюта – теңге – еліміздің тәуелсіздігі мен дәулеттілігінің белгісі» бесінші бөлім ұлттық валютаны енгізуге арналды.
«Астана – елдің айнасы, халықтың символы. Жаңа астананың атауы бүкіл әлемнің аузында» атты алтыншы бөлімде астананы Ақмола қаласына көшіру туралы айтылды, сондай-ақ қаланың астана мәртебесін алғанға дейінгі және алғаннан кейінгі көрінісінен сыр шертетін фотосуреттер қойылды.
Жетінші бөлімде – Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның Павлодардағы филиалының құрылу тарихы, ұлттық орталықтардың жұмысы жайлы баяндалды.
Көрмеге Павлодар облыстық мектеп омбудсмендер форумына және «Біз Қазақстан Республикасының тең құқылы азаматтарымыз» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына қатысушылар, «Жас қалам» облыстық фестиваліне қатысушылар, Павлодар қ. мектептерінің оқушылары келді. Көрменің құжаттарымен барлығы мыңнан астам мектеп оқушысы танысып үлгерді.
{gallery}gallery/vistovka{/gallery}