Қанат Болатұлы Даржұмановтың туғанына 75 жыл толуына арналған көрме

2012 жылғы 4 сәуір күні «Достық» концерт залында, Қазақстан Халықтарының Кіші Ассамблея төрағасының орынбасары, партия және қоғам қайраткері Қанат Болатұлы Даржұмановтың туғанына 75 жыл толуына арналған салтанатты отырыс болып өтті. Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Компартиясы Павлодар облыстық комитетінің, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының 1953, 1955, 1959, 1961, 1966, 1973, 1980, 1984-1985, 1993, 1995-1997, 1999-2000, 2002, 2004-2005 жылдардағы облыстық меммұрағаттың пайдалану қорынан, Қ.Б. Даржұмановтың жеке қорынан 45 экспонатты біріктірген, фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды. Көрмеге Павлодар облысының әкімі Е.М. Арын, Қ.Б.Даржұмановтың отбасы мүшелері, партия және еңбек ардагерлері, Павлодар қаласы жұртшылығының өкілдері қатысты.

0143.jpg

0144.jpg

0145.jpg

0146.jpg