2012 жылғы 7 мамырда Облыс мемлекеттік мұрағатының Железин бөлімінде «Жеңімпаз ұрпақ жасасын» атты стационарлық фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде Ұлы Отан соғысына қатысқандардың облыс мемлекеттік мұрағатының Железин бөлімінде сақталатын құжаттарының түпнұсқалары көрсетілді. Бұл: соғыс жылдарының фотосуреттері, наградтау құжаттары, майданнан келген хаттар, Ұлы Жеңіске қатысқан С.М. Махметовтың, В.И. Карпецтің және И.З. Трубаченконың естеліктері.
№ 2 Железин орта мектебінің 5 сынып оқұушылары үшін мектеп сабағы мен экскурсия ұйымдастырылды.