Балалық және жастық шағы Павлодарда өткен атақты жерлес, әлемге танымал евразиялық ақын, Павел Васильевтің 100-жылдығына арналған «В степном краю взращённая душа» атты ретроспективті көрменің тұсаукесері 2009 жылғы 7 желтоқсанда ашылды.

Балалық және жастық шағыПавлодарда өткен атақты жерлес, әлемге танымал евразиялық ақын, Павел Васильевтің 100-жылдығына арналған «В степном краю взращённая душа» атты ретроспективті көрменің тұсаукесері 2009 жылғы 7 желтоқсанда ашылды.

 

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты, облыстық көркемсурет музейі,Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, П. Васильев атындағы үй-мұражайы, Шафердің үй-мұражайы, П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы, облыстық кітапхана ретроспективті көрмені дайындауға қатысты.

 

Қатысушылар арасында облыстық және қалалық әкімдіктерінің өкілдері, облыс басқармаларының басшылары, Астана, Алматы, Ресейден келген қонақтар-ақынның шығармашылық мұрасын зерделеумен айналысатын ғалым-әдебиеттанушылар, ақынның немересі Светлана Александровна Анучина, еңбек ардагерлері, суретшілер, шығармашылық зиялылар, БАҚ-ның өкілдері осы көрмеде болды.

 

Облыс әкімінің орынбасары Р.М.Жұмабекова атақты ақын, әдебиет зерттеуші В.Сорокиннің «Он не вошел, а ворвался в поэзию, как влетел на разгорячённом коне. Казалось в нём соединилось два древних ветра – русский и азиатский, две доли – русская и азиатская, коснулись крылом друг-друга два материка – Европа и Азия. Мятежность, буйство, тоска, переходящая в страдание, в скорбь это возвращение к звёздным скифским далям, к думам вечным: Кто я? Что я?...» сөздерімен көрмені ашты.

 

Филология ғылымдарының докторы, П.Васильев туралы кітаптың авторы, Омбы мемлекеттік университетінің қызметкері В.И. Хомяков, қазақстандық әдеби-көркем және қоғамдық-саяси «Нива» журналының бас редакторы В.Р.Гундаревақынның қайғылы тағдыры, уақыт сынынан өткен және осы күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған шығармалары туралы сөз сөйледі. Б.В. Исаев пен М.С.Тереник Павел Васильевке арналған өз өлеңдерін оқыды.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының директоры Қ.Ғ.Мақажанованың сөз сөйлеген сөзіндеқұнды құжаттарды іздеуде мұрағатшылардың аса мұқият еңбегі туралы ой сезілді және«В степном краю взращенная душа» атты көрме – павлодарлық мұрағатшылардың тыңғылықты еңбегінің нәтижесі.

 

150 жәдігерге жуық: П.Васильевтің жарияланған басылымдары мен өлеңдері, еске алулары, васильев танушыларының мақалалары, хаттары, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты қорынан ақын шығармашылығына арналған шақырулар және кеш стенограммалары көрмеде көрсетілді. Оның ішінде ақын туыстарының туу және өлімі туралы акт жазбалары; мұғалім, жаттықтырушы, дербес суретші және ақын М.Г. Динерштейннің; педагог, поэтессаЖ.Ш.Ягодинаның; журналист, ақын васильевтанушы С.А. Музалевскидің; өлкетанушы, жазушы, ақын Д.П.Приймактың жеке қорларынан құжаттар болды. Көрме келушілерінің назарына Павел Васильевтің замандастарының еске алу – фотоқұжаттары, журналист Т.В. Карандашованың телесюжеттері, Павел Васильев замандасы.П.Багаевтың фотоқұжаттары ұсынылды. Д.П.Багаевтың фото-құжаттары атақты жерлестің балалық, балдаурен және жастық шақтағы, оның ата-анасының суреттерін, революцияға дейінгі Павлодардың фотосуреттерін көруге мүмкіндік берді.

 

Шығыс-Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының және Шығыс-Қазақстан облысы жаңа тарихының құжаттама орталығы қорларында павлодар мұрағатшыларымен айқындалған ақын өмірі мен шығармашылығы туралы құжаттар П. Васильевтің әдеби мұрасын зерттеушілері мен бағалаушыларының қызығушылығын оятты. Осы құжаттар көрмеге алғаш рет қойылды.

 

Ретроспективті көрмеге А.Бибин, В. Батурин сияқты суретшілердің суреттері (картиналары) ұсынылды.

 

П.Васильев поэзиясының құштар оқырманы, Павлодар суретшісі Виктор Поликарповтың П.Васильевтің шығармалары бойынша жасалған24 графикалық жұмыстарыкөрмені ерекшеленді.

 

СD-дискінде жазылып, Шафердің үй-мұражайымен ұсынылған М.Ульянова мен Л. Маркованың орындауындағы П.Васильевтің өлеңдері фойеде тыңдалды.

 

Кездесудің соңында П.Васильевтің «Мой Павлодар, мой город ястребиный» өлеңіне авторорындауындағы павлодар композиторы Николай Амосовтың әні шырқалды.

 

Фотоқұжаттық көрменің жұмысы 2010 жылдың 10 қаңтарына дейін ұзартылады.

 

PC060188.JPGPC060196.JPGPC060210.JPGPC060229.JPG

PC060206.JPG