«Солдат, біз сені жадымыздан шығармаймыз...» атты фотоқұжатты көрме
8 мамырда Әскери даңқ музейінде Павлодар облысының Мемлекеттік мұрағаты «Солдат, біз сені жадымыздан шығармаймыз...» атты фотоқұжатты көрмені ұсынады. Көрменің негізін 2012 жылдың сәуірінде Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыстың меммұрағаты қызметкерлерінің қолға алуымен Финляндияға қызметтік іссапар барысында осы елдің Ұлттық мұрағатынан табылған әрі 1939-1944 жылдары Финляндияның соғыста тұтқынға алынғандарға арналған лагерьлерінде тұтқында болған павлодарлықтар мен қазақстандықтар жайындағы мәліметтер бар құжаттар құрап отыр. Анықталған құжаттар арасында соғыста тұтқынға алынғандардың карточкалары, үндеулер, 1939-1940 жылдардағы қысқы соғыс және 1941-1944 жылдардағы соғыс-жалғасы кезіндегі мерзімді басылымдар бар. Сондай-ақ Финляндияның Ұлттық мұрағатының қызметкерлері соғыста тұтқынға алынғандар лагерьлерінің дәрігері Ларс Вестерлундының кітабын облыстың меммұрағатына ықыласпен тарту етті. Мұнда соғыста тұтқынға алынған және Финляндияға тұтқын етілгендердің өлімі жайында, 1939-1944 жылдары соғыста тұтқынға алынып, Германияға және КСРО-ға тұтқын етілгендер мен қаза болғандар жайында баяндалған. Іссапар барысында барлығы 121 құжат табылған, көшірмелері жасалды. Осы құжаттардың бір бөлігі көрмеге қойылды.
Сонымен бірге көрмеге 100-ші, 101-ші атқыштар және 106-шы атты әскерлер бригадаларының құрамында қаза болған жауынгерлердің тізімі, Германия, Финляндияда тұтқында қаза болған солдаттардың тізімі, Белорусия мен Австрияны азат ету кезінде қаза болғандардың тізімі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатының құжаттары бойынша құрылған 314-ші атқыштар дивизиясының құрамында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен павлодарлықтардың тізімі қойылған.


