Павлодар облысы 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылды. Оның құрылуына КСРО-ның «КСРО Конституциясының (Негізгі Заңының) 22, 23, 26, 28, 29, 49, 70, 77, 78 және 83-баптарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен БК(б)П ОК-нің «Қазақ КСР-нің Батыс Қазақстан облысын Батыс Қазақстан және Гурьев облыстарына, Оңтүстік Қазақстан облысын Оңтүстік және Қызылорда облыстарына, Шығыс Қазақстан облысын Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына бөлу туралы» Қаулысының жобасы негіз болды. Заң 1938 жылғы 15 қаңтарда қабылданды, ал қаулы жобасы 1938 жылғы 15 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында бекітілді.
Облыстың орталығы болып Павлодар қаласы бекітілді. Ертістің Павлодар өңірінің аумағы 1932 жыл мен 1938 жыл аралығында орталығы Семей қаласы болып табылатын Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірген болатын. Экономиканың дамуына байланысты шалғай жатқан Семей қаласынан әкімшілік басқару қиынға соқтырды. Шаруашылықты дамыту мүдделері дербес әкімшілік бірліктерді құруды талап етті. Экономика мүдделерінің есебінен жаңа облыс құрылды. Жаңа облыс 250 мыңға жуық халқы бар 136,5 мың шақырым алаңды қамтыды. Біз ұйымдастырған көрмеде облысымыздың қалыптасу тарихын зерделеу үшін деректеме ретінде септігін тигізуі мүмкін мұрағаттық құжаттар көрсетілген.
Облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесіне сайлау өткізгенге және облыстық партия ұйымын құрғанға дейін облысты басқару үшін Павлодар облысы бойынша Қазақ КСР ОАК-нің Ұйымдастыру комитеті мен Павлодар облысы бойынша Қазақстанның К(б)П ОК-нің Ұйымдастыру бюросы бекітілді.
Павлодар облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесіне алғашқы сайлау 1939 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Сессияда құрамында атқару комитетінің төрағасы, үш босатылған орынбасары, атқару комитетінің хатшысы және атқару комитетінің 10 мүшесі бар, барлығы 15 адамнан тұратын Павлодар облыстық Кеңесінің атқару комитеті сайланды. Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып Хамит Темірханов сайланды.
Облыстық партия комитетінің және облыстық атқару комитетінің бірінші хатшыларының жеке істерінен алынған құжаттар көрмеге қойылған.
Облысты құру жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңіне сәйкес келді, оның толқыны Ертістің Павлодар өңірінде айналып өтпеді. Сол заманғы құжаттар шпиономаниялық рухпен қаныққан, «қылмыстық-дұшпандық элементтер», «зиянкестік», «троцкисттік-бұхаралық және ұлтшыл-фашисттік элементтердің тамырына балта шабу» және т.б. тұжырымдамаларға толы құжаттар. 30-40 жылдар мен 50-жылдардың басындағы жазықсыз қудаланғандардың істері мен құжаттар Коллекциясының құжаттары осы бөлімде көрсетілген. Олар қуғын-сүргінді жүзеге асыру жолдары мен әдістерін әшкерелейді, халықтың қорқып қана қоймай, қуғынға ұшырағандығын да көрсетеді. Шенеуніктердің озбырлығына қарсы тұруға немесе өздерінің көзқарастарымен қарсылық білдіруге талпынғандарды тұтқындады, абақтыға қамады және тергеусіз атқан.
Ұлы Отан соғысы тарихы – мәңгілік өлмейтін тарих. Соғыс қайғы, зұлымдық, азап шегу, аса ауыр еңбек уақыты ретінде, сонымен бірге батырлық пен ержүректік, отанға деген шексіз махаббат, жанкештілік, Жеңіске деген үміт және ұлы қуаныш кезеңімен халықтың жадынан орын алды.
22 маусым барлық елдің үйреншікті тұрмыс салтын өзгертті. Соғыстың басталғандығы туралы хабар Ертістің Павлодар өңірінде бей-жәй қалдырмады.
Күннің екінші жартысында Павлодарда мыңдаған еңбекшілердің митингі өтті. Шешендер бірін-бірі алмастыра сөз алды. Олар фашистердің опасыз шабулдары туралы айтып, сөздерін «Соғысқа мені аттандырыңдар!» ұранымен аяқтады. Әскер қатарына алып, соғысқа жіберуді өтінген жүздеген өтініштер әскери комиссиариатқа түсіп жатты. Мына сөреден солардың кейбірімен ғана танысуға болады. Сондай-ақ өтініш берген еріктілердің тізімдері мен соғыс жылдары Павлодар қаласында орналасқан 2448 эвакогоспитальдің құжаттары қойылған.
Тың игеру... Алғашқы шатыр қалашығы, алғашқы борозда, алғашқы өнім – бұл біздің тарихымыздың бір бөлігі.
Павлодар ауыл шаруашылық техникаларымен бірге құрылыс материалдарының, көлік құралдарының эшелонын, әрине, қоныстанушы тың игерушілерді қабылдады. Мәскеу, Алма-Ата, Тамбов, Тула, Ярослав, Ереван, Днепропетровск, Саратов, Ставрополь, Ленинград, Свердловск, Казань, Кировоград... Тың игеруге комсомолдықтар әртараптан ағылды! Вокзалдарда митингтер, шығарып салулар, кездесулер орын алып, жас жігіттер мен қыздардың жүзіне албырттық күш-қайрат тараған кезең болды. Келген жастардың көбі кең-жазық даланы, таркторлар мен комбайындарды алғашқы рет көрулері.
Сол жылдардағы фотосуреттер мен құжаттар – жеңіс пен жеңілістің айқын куәгерлері. Әрбір ауқымды іс сияқты тың игеруді де бір жақты бағалауға болмайды. Құжаттар бұны нақты дәлелдейді. Еліміз миллиардтаған тонна астық алды. Мемлекетке 155 миллион пұт астық сату бойынша әлеуметтік міндеттемелерді ойдағыдай орындағаны үшін 1958 жылы Павлодар облысы Ленин орденімен марапатталды. Бос тұрған жерлерге егін себілді, ондаған жаңа мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, балабақшалар салынды. Алайда, қателіктер де, ұқыпсыздық та және өзге де жүйелердің құлдырауы да орын алды. Қалай айтқанда да бұл ұмытуға болмайтын облыс тарихының бір бөлігі.
Шамалап алғанда, осы кезеңде облысымызда өнеркәсіп қарқынды дами бастады. Олар Павлодар металлконструкция зауыты, газобетон өнімдерін шығаратын зауыт (сол кезде – республикадағы екінші зауыт), сүт зауыты, Шарбақты кентіндегі құрылыс материалдары және конструкция комбинаты. Павлодар трактор зауыты бірінші «Қазақстан» ДТ-75М тракторын жасап шығарды. 1968 жылы Ермак МАЭС-і мен Ермак ферроқорытпа зауыты жұмысын бастады. 1969 жылы 2-ші көмір кенішінің алаңында алғашқы роторлы экскаватор құрастырылды.
1971 жылдың соңында «Ертіс-Қарағанды» каналы пайдаланылуға берілді, 1974 жылы Павлодар қаласында картон-рубериод зауыты жұмысын бастады.
1978 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауыты жұмысын бастады. Сол кездің өзінде біздің зауыт Гурьев қаласындағы (қазіргі - Атырау) осындай зауыттың қуаттылығында жұмыс істеді. Әрине, Екібастұз 1-МАЭС жұмысының басталуы сияқты маңызды оқиғаны ескерусіз қалдыру мүмкін емес.
ХХ-ғасырдағы 80-жылдардың басына қарай Павлодар облысы өнеркәсптік өндіріс көлемі бойынша республикадағы жетекшілердің бірі болды, көрсеткіштер қатары бойынша оған тең келетіндер болған жоқ. Сол жылдары жалпы республикалық энергетикалық әлеуеттен 40 пайыздан астам электрэнергия біздің облыста өндірілді, тек бізде ғана ферроқорытпаны өндірудің 60 пайызына көңіл аударылды, сондай-ақ барлық республикалық трактор шығару, көмір шығарудың жартысынан астамы бізде болды.
80-жылдардың соңы – қарқынды, күрт өзгерісті, оқиғаларға толы кезең болды. Нарықтық экономикаға күрт ауысу орын алды, алайда, осыған қарамастан облыста көмір шығару, зауыттарды, мектептер мен ауруханаларды салу жалғаса берді.
Облысымыздың дамуына үлесін қосқан нақты адамдар жайлы айта кетпеу ағаттық болар. Өйткені, облыстың экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда дамуы олардың еңбектернің, көрегендіктерінің, біліктіліктерінің, қайсар мінездерінің арқасында мүмкін болып отыр.
Мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері Клавдия Шаймарданқызы Арынғазина, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымдарының кандидаты, Павлодар қаласының құрметті азаматы, КСРО-ның және Қазақстанның еңбек сіңірген рационализаторы Сапарбек Сұлтанұлы Беркетов, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген сәулетшісі Георгий Владимирович Гальченко, Павлодар қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Иван Дмитриевич Рязанцев, медицина ғылымдарының кандидаты, рационализатор Сағит Баймұханұлы Иманғазинов, денсаулық сақтаудың үздігі Жаңылтай Құсайынқызы Төребаева, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мұғалімдері Ілияс Оспанұлы Оспанов, Бейсен Ахметұлы Ахметов, Уәли Сәттібайұлы Сәттібаев, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген әртісі Фаина Алексеевна Миронова, Павлодар облысының музыка ағарту ісінің аға қызметкері Гильда Эрнстовна Кромер. Біздің танымал жерлестеріміздің жеке қорларынан алынған құжаттар келесі бөлімде көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық кезеңінде Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси дамуы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіндегі 20 жылғы тарихында Павлодар облысының жеткен жетістіктері Александр Пархоменко, Владимир және Валерий Бугаевтардың суреттер топтамасында көрсетіліп отыр.