«Отанын қорғаған батырлар» атты фото құжаттық көрменің ашылуы

Ұлы Отан соғысының қатыгез жылдары алыс артта қалуда. Біздің арамызда айбынды және ащы оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері жылдар өткен сайын азайып барады. Осыған байланысты біз осы оқиғалардың негізгі естеліктерін сақтап келесі ұрпаққа жеткізуіміз қажет.

Ағымдағы жылдың 7 мамырында Мир көшесі 40 мекен жайында орналасқан жаңадан құрылып ашылған бұрынғы темір жол вокзалының ғимаратында Ұлы Отан соғысының басталуының 70-жылдығына арналған «Отанын қорғаған батырлар» атты фото құжаттық көрме ашылады.

Көрме Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатымен, А.Н.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайымен, сонымен қатар Павлодардың ең үздік фотографтарымен бірлесе дайындалды, бұл көрмеде 200-ден астам экспонаттар қойылған.

Олар Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының қорындағы құжаттардың түпнұсқалары, А.Н.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайының экспозициясындағы сол жылдардың тұрмысындағы заттар, кәсіпқой-фотографтар Александр Пархоменко, Владимир мен Валерия Бугаевтардың  жеке мұрағаттарындағы фотожұмыстары. Ұсынылған эспонаттардың барлығында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Павлодар облысының тарихы, фашистік Германияны Жеңудегі павлодарлықтардың қосқан лайықты үлестері туралы айтылған.

 

vokzal_1.JPG

 

vokzal_2.JPG

 

vokzal_3.JPG

 

vokzal_4.JPG

 

vokzal_5.JPG
Көрме 2011 жылдың 22 маусымына дейін жұмыс істейді.