2011 жылғы 22 маусымда Бейбітшілік көшесі, 40-үйдегі Жауынгерлік даңқ мұражайында «Жауынгер, сен мәңгі біздің жадымыздасың ...» көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрменің ұйымдастырылуына АН. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайымен, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатымен, сондай-ақ Павлодар қаласының үздік суретшілерімен және фотографшыларымен бірлескен Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы мұрындық болды. Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрмеге 1270-ке жуық жәдігер қойылды.
Бұл – Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты қорларынан алынған түпнұсқа құжаттар, А.Н. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайы қорларынан алынған сол жылдардың тұрмыстық заттары, кәсіби фотографшылар Валерий және Владимир Бугаевтардың, Александр Пархоменконың жеке мұрағаттарынан алынған фотожұмыстар.
Барлық жәдігерлер Ұлы Отан соғысының алғашқы жылындағы Павлодар облысының тарихы, фашистік Германияның Кеңес Одағына жасаған опасыз шабуылы туралы хабарға павлодарлықтарың үн қатуы, жерлестеріміздің Отанын қорғауға бар күшін және де өмірін беруге шынайы ықыласы туралы баяндайды. Көрме жәдігерлері қасіретті 22 маусым күні таңсәріде соғыстың басталуы туралы сұм хабардың барша облыс тұрғындарын дүр сілкіндіргенін растайды. Ленин атындағы саябақта жүздеген павлодарлықтар жиналды.
Сыра зауытының жұмысшысы Шәріпов «менің мамандығым – артиллерист. Мен Қызыл Әскер қатарына қосуыңызды сұраймын. Халық сенімін ақтауға уәде етемін» деп отан алдыңдағы борышын өтеуге әзір екенін білдірді.
Әскери комиссариаттарына әскер қатарына жіберу туралы жүздеген өтініштер келіп түсті. Солардың бір бөлігін көрмеде көруге болады. Галина Дроздова Баянауыл әскери комиссариатына жолдаған өтінішінде «Комиссар жолдас! Елімнің тыныштығын бұзып, Мәскеуге жау төнгенде, мен комсомол ретінде шеттеп қала алмаймын. Мені майданға жіберуіңізді сұраймын» деп жазды.
Соғыстың алғашқы күндері майданға өз еркімен аттануға 538 павлодарлық өтініш білдірді.
Он мыңдаған павлодарлықтар Ұлы Отан соғысының қан майданында күресіп жатты.
Олар ерлігі үшін ордендермен, медальдермен марапатталды. Әртүрлі жылдары облыста тұрған және еңбек еткен 31 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және 8 адам үш дәрежелі Даңқ орденнің иегері атанды.
Жиырма екі мыңға жуық адам немесе облыстың әрбір 11-ші тұрғыны ұрыста немесе ауыр жарақаттан қаза болды, хабар-ошарсыз кетті. Атқару және партия органдарының құжаттары Павлодар облысыныдағы өнеркәсіпті әскери жағдайға байлаысты қайта құру көп уақытты алмағаны туралы баяндайды, себебі сол жылдардағы кәсіпорындарда әскерге қажетті өнімдерді өндіру көзделмеген болатын.
Қысқа мерзім ішінде облыстың барлық шаруашылығын соғыс жағдайына қарай қайта құру қажет болды.
Шаруашылықты қайта құрумен қатар эвакуацияланған кәсіпорындарды қабылдау және орналастыру және олардың іске қосылуын жеделдету мәслелері шешілді.
Соғыс жылдары халықты азық-түлікпен қамту мәслесі ауыр соқты. Мысалы, 1941 жылы облыста нан және басқа азық-түлік жағдайы қиындағаны туралы ұсынылған құжаттар ақпар береді. Орын алған аштықтан адамдар ісініп, науқастанып, мерт болып жатты. Осы проблеманы шешу үшін карточка арқылы нан сату енгізілді. Ал облыстық-қалалық бюро азық-түлік карточкасы тәртібімен айналысты. Көрмеге соғыс жылдарындағы нан, сүт, май, жарма мен қантқа карточкалар ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, Павлодар қаласына көшірілген № 2448 эвакуациялық госпиталь қызметі туралы құжаттар көрмеге қойылды. Госпиталь өз қызметін алғашқы жараланғандар пойызы келген күні 1941 жылғы 9 қарашада бастады. 600 орынға есептелген эвакуациялық госпиталь 1941 жылдың қараша-желтоқсан айларында 593 жараланған және 38 науқас, барлығы 631 адамды қабылдады. Осы кезең аралығында әскер қатарына госпитальден 136 адам жіберілді.
Көрмеге № 2448 эвакогоспитальде жарақаттан қайтыс болған және бауырластар зиратында, қазіргі уақытта Похомовский деп аталады, жерленген азаматтар тізімі ұсынылды. Жарақаттанғандардың және оларға қызмет көрсеткен госпиталь қызметкерлерінің фотосуреттері қойылған.
Ұсынылған жәдігерлердің негізгі бөлігін Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің істер мен құжаттар топтамасынан алынған құжаттар, атап айтқанда қызыл әскер кітапшалары, комсомол билеттері, жауынгерлік мінездемелер және т.б. құрады.
Соғыс ардагерлері Әліков Рақымберді Жақияұлының, Қасымов Нұркеннің, Михаил Яковлевич Абрамовтің және т.б. еске алулары көрме құжаттарының ең құнды бөлігін құрады.
Тарихты адамдар жасайды. Адамдардың тағдыры қайталанбас, бірегей жайт. Құжаттары мұрағатта немесе мұражайларда сақталған әрбір адам зерттеушілер назарынан тыс қалмауға лайық. Жүздеген жылдар өтісе де, Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсетілген ерлік туралы естелік мұрағаттық құжаттарда сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болады.