Облыстың мұрағат мекемелері көрсететін қызметтер тізбесі

Облыстың мұрағат мекемелері көрсететін қызметтер тізбесі

 

·         пайдаланушылардың сұранымдарына сәйкес, сондай-ақ ынталы тәртіпте ақпараттық қамтамасыз ету;

Ұйымдар мен азаматтарды ынталы ақпараттандыру оларға ақпараттық хаттар мен басқа да ақпараттық құжаттарды жіберу арқылы іске асырылады.

·         пайдаланушыларға мұрағаттық құжаттарды мұрағаттың оқу залында ұсыну;

Зерттеушілерге қызмет көрсету үшін облыстың мемлекеттік мұрағатында оқу залдары жұмыс істейді. Олардың жұмысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында зерттеушілердің жұмыс істеу ережесіне» сәйкес іске асырылады.

·         мұрағат құжаттарын пайдалана отырып, ақпараттық іс-шаралар (мұрағаттарға экскурсия, тұсаукесерлер, конференциялар, студенттер мен оқушыларға арналған сабақтар және т.б.) жүргізу;

·         құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарға әдістемелік, консультативтік көмек көрсету;

·         әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдарды орындау;

·         тақырыптық сұраным – белгілі бір мәселе, тақырып, оқиға, факт бойынша ақпарат беру туралы сұраным;

Мелекеттік органның немесе жергілікті атқару органныңолардың қызметіне байланысты келіп түскен тақырыптық сұранымын мұрағат заңнамамен белгіленген мерзімде бірінші кезекте қарастырады.