Қажетті мәліметтерді алу үшін келесі мұрағаттарға өтініш білдіре аласыздар:
1. Зейнетақы құжаттарын ресімдеу үшін еңбек өтілі туралы – Сіз қызмет еткен ұйым осы уақытқа дейін жұмыс істеген жағдайда – сол ұйымның немесе мекеменің ведомстволық мұрағаттарына; егер ұйым банкротқа ұшыраған және таратылған болса – ұйым, мекеме таратылғанға дейін тұрғылықты тіркелген жерінің мемлекеттік мұрағаттары мен жеке құрам жөніндегі мұрағаттарға ;
2. Оқу орындарында оқығандығын растау үшін – жоғарғы оқу орындарының, білім беру басқармасы техникумдарының, колледждерінің ведомстволық мұрағаттарына, істер мұрағатқа тапсырылған жағдайда – мемлекеттік мұрағаттарға ;
3. Облыстық, қалалық, аудандық партиялық және комсомолдық ұйымдардағы қызметі туралы – жұмыс істеген орны бойынша облыстық мемлекеттік мұрағаттарға;
4. Туу, отбасын құру, қайтыс болу фактілерін тіркеу туралы – әділет басқармасына, АХАЖ мұрағаттарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына;
5. Ұлы Отан соғысы жылдары әскердегі қызметі туралы, азаматтардың эвакуациялық госпитальдердегі жұмысы туралы – Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына (Мәскеу облысының Подольск қаласы);
6. Жарақат алғаннан кейін эвакогоспитальде емделуі және азаматтардың эвакогоспитальдердегі жұмысы туралы – Ресей Федерациясы Әскери медицинаның мемлекеттік мұражайына (Санкт-Петербург қаласы);
7. Ұлы Отан соғысы жылдары хабарсыз жоғалғандар туралы – Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына (Мәскеу облысының Подольск қаласы);
8. Еңбек армиясында болуы туралы – еңбек армиясына шақыртылған жерінің мемлекеттік мұрағаттарына, жұмыс істеген жері бойынша Қазақстан Республикасы бойынша облыстардың құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының мұрағаттарына және Ресей Федерациясы облыстарының Ішкі істер басқармалары ақпараттық орталықтарына;
9. Саяси-қуғын сүргінге ұшыраған және ақталған азаматтар туралы –тұтқындалғанға дейінгі тұрған жері бойынша прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарына;
10. Ұлы Отан соғысы жылдарында арнайы жер аударылған немістер жөнінде – облыстардың құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде басқармасының мұрағаттарына;
11. Ордендермен, медальдармен марапатталу туралы – Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына, құжаттары мұрағатқа қайта тапсырылған жағдайда марапаттау кезеңінде тұрғылықты мекенжайы бойынша облыстың мемлекеттік мұрағатына;
Пайдаланушының мекенжайы мен электрондық поштасы көрсетілген интернет арқылы түскен өтінішке (сұранымға) оны қарауға алу немесе қараудан бас тарту туралы негізделген хабарлама жіберіледі. Қарауға алынған өтініш (сұраным) басылып шығарылады. Ол бойынша жұмыс белгіленген тәртіпте бойынша жүргізіледі.