«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту

туралы» № 137/5 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:        

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген, 2015 жылғы            3 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының атауы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы», орысша тіліндегі қаулының атауында мәтін өзгермейді;

көрсетілген қаулының 1-тармағының 3) тармақшасы қазақ тілінде келесі редакцияда жазылсын:

 «3) «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.», орысша тілінде мәтін өзгермейді;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулының ресми жариялануын;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары   М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыс әкімі                                                                  Б. Бақауов

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті